- TikTok “Отбасылық баптауларға” кілт сөздерді саралау мүмкіндігін қосты. Бұл құралдың мақсаты – жасөспірімдердің ата-аналары мен жастарды қорғау ұйымдарының арасында кері байланыс болуы.
- Кілт сөздерді сүзгілеу арқылы жасөспірімдердің ата-аналары мен қамқоршылары, балаларын онлайн бақылауына болады. Бұл - TikTok ұсынған тағы бір мүмкіндік.
- TikTok сонымен қатар жастардың әртүрлі аймақтардағы жастармен араласып, тәжірбие алмасуға көмектесетін Жастар кеңесін құрды.
«Отбасылық баптауларға» арналған кілт сөздерді сүзгілеу
TikTok “отбасылық баптауларына” кілт сөздерді сүзуді қосты. Кілт сөздерді сүзу құралының өзі платформаға 2022 жылы енгізілген болатын. Бұл пайдаланушыларға ұсыныстар арнасында көргісі келетін сөздер мен хэштегтерді, бейнелерді сүзуге мүмкіндік беріп келеді. Сол уақыттан бері ата-аналар мен қамқоршылардан жасөспірімдер өздерінің арналарында көргісі келмейтін тақырыптарды сүзгілеудің басқа да әдістерін қалайтыны туралы ұсыныс-пікірлер түскен. Ендігі ата-аналар мен қамқоршылар балаларының платформадан алатын әсерін “Отбасылық баптаулары” арқылы басқарып отыра алады.
TikTok ересектерге көмектесу мен жастардың онлайн құқықтарын құрметтеу арасындағы тепе-теңдікті сақтау үшін сарапшыларға, соның ішінде Отбасылық онлайн қауіпсіздік институтына (FOSI) жүгінді. Осыдан кейін жасөспірімдер, ата-аналары немесе қамқоршылары қосқан кілт сөздерді көре алады. Ата-аналар немесе қамқоршылар қосқан кілт сөздер контент мазмұынын реттеуге мүмкіндік береді. Бұл жүйе қазірдің өзінде 13 және 17 жас аралығындағы аудиторияны осы жасқа сәйкес келмейтін тақырыптардағы контенттерден сақтап отыр.
TikTok Жастар Кеңесінің құрылуы
TikTok платформасында жасөспірімдер мен олардың отбасылары үшін қауіпсіз орта құру үшін жасөспірімдердің тәжірибесін тыңдау маңызды. Кейінірек 2023 жылы платформа жаһандық TikTok Жастар кеңесін ашуды жоспарлап отыр. Ол қолданбаның нақты пайдаланушыларының тәжірибесін тыңдау үшін жасалған. Осылайша, TikTok жасөспірімдердің қауіпсіздігін жақсарту үшін көбірек мүмкіндіктерге ие болады.
TikTok қазірдің өзінде жасөспірімдердің кері байланысын пайдалану үстінде. Мысалы, платформа жасөспірімдермен бірге әзірленген ата-аналар мен қамқоршыларға арналған мазмұндарды жинады. Жасөспірімдер цифрлық сауаттылық пен қауіпсіздік туралы әңгіме жүргізу үшін, олар алғысы келетін қолдау және жеке шекараларды қалай құрметтеуге болатыны туралы өз көзқарастарын жазды.
Жастар кеңесі жас қолданушыларға жүйелі түрде өз пікірін білдіру мүмкіндігін беріп келеді. Алдағы айларда TikTok құрылатын кеңес және жасөспірімдердің қалай қатыса алатыны туралы мәліметтерді жариялайды.
TikTok жасөспірімдерге арналған платформаның қауіпсіздігін жақсарту үшін үнемі жұмыс істейді. 2023 жылдың наурыз айында платформа жасөспірімдер үшін әдепкі 60 минуттық күнделікті пайдалану шегін орнатылды. Жасөспірімдердің шамамен 75 пайызы бұл шектеуді сақтауды таңдады. Осы бойынша баптауларды өзгерткен, бірақ күніне 100 минуттан астам уақытын TikTok-та өткізетін жасөспірімдер үшін біз әлі де кірістірілген экран уақытын басқару құралдарын пайдалануды ұсынамыз.
Қазіргі уақытта «Отбасылық баптаулар» қызметі бүкіл әлем бойынша 400 миллионнан астам адамға жетті. «Отбасылық баптаулар» арқылы TikTok 850 000-нан астам жасөспірімдерге және олардың отбасыларына жеке қажеттіліктеріне сай, экран уақытын шектей алады.