Community22 апр. 2025 г.
Наурыз мерекесі туралы 180 мың видео: TikTok онлайн-фестивальдің қорытындысын жариялады
TikTok Наурыз2025 үшінші рет өткізілген жыл сайынғы мерекелік онлайн-фестивальдің қорытындысымен бөлісті. Платформаның қолданушылары бұл бастаманы жан-жақты қолдады: соңғы екі апта ішінде қазақстандықтар Наурызды қалай тойлап, дайындалып жатқаны туралы 25 мыңнан астам бейне шығарды. Фестиваль тарихындағы үш жыл ішінде қатысушылар Наурыз мерекесі туралы жалпы саны 180 мыңға жуық видео түсірген.
• Биылғы онлайн-фестиваль серіктестер саны бойынша тарихи рекорд орнатты. Фестивальға Қазақстан Республикасының бірнеше маңызды мекемелері қосылды, олар: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, ҚР Туризм және спорт министрлігі, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы, Visit Shymkent, Алматы туризм бюросы және «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы.
• Онлайн-фестивальге сондай-ақ Қазақстанның түкпір-түкпірінен 24 жоғары оқу орны қатысты.
Қысқа форматты видеоларды жасауға арналған TikTok платформасы бірнеше жылдан бері Қазақстанның терең тарихи мұрасы мен ұлттық дәстүрлерін жаһандық аудиторияға танытуда белсенді қызмет атқарып келеді. Платформаның осы бағыттағы табысты жобаларының бірі – үшінші жыл қатарынан өткізіліп жатқан Наурыз мерекесіне арналған онлайн-фестиваль. Қазақстандық TikTok қолданушылардың мыңдаған бейнелері көктемнің ең жарқын мерекесінің шынайы рухын толыққанды жеткіздію
#Наурыз2025 TikTok-та
Биылғы онлайн-фестиваль TikTok қолданушыларының қуанышын оятты: #Наурыз2025 хэштегімен жайлы екі апта ішінде 25 мыңнан астам бейне жарияланды. Платформа қолданушылары Наурыздың терең мәнін жан-жақты ашып берді - ұлттық дәстүрлер мен тарихынан бастап, мерекелік дастарқан дайындау сырларына дейін. Ән-күй мен би шері, мерекелік ойын-сауықтар - мұның бәрі қазақ халқының тұщы мәдениетінің айғағын көрсетті. Ресми серіктестермен қатар, TikTok-тағы танымал креаторлар да жобаға ерекше үлес қосты. Дарынды домбырашы Жақсы @zhakso_ "Қамажай" әнін өзіндік әуенмен безендірсе, ал @ult_kazynasy білім беру жобасы арқылы Наурыз туралы қызықты деректермен бөлісті. Аспаздық шебер Сания @saniya_sagiimbaeva еремет безендірілген ұлттық тағамдар әзірлесе, саяхатшы Асет @travelove100 өзінің бейнелері арқылы қолданушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Соңғы жылдың ерекшелігі - TikTok алғаш рет Астана, Алматы және Шымкенттегі мерекелік алаңдарда арнайы интерактивті аймақтар ұйымдастырды. Бұл кеңістіктер қала тұрғындары мен қонақтары үшін шынайы мереке атмосферасын жасауға мүмкіндік берді, мыңдаған адамдардың қуанышын біріктіретін шығармашылық орталықтарға айналды.
Мерекелік дастархан
Тамақ өнері - фестивальдың жанды тақырыбына айналды. TikTok қолданушылары мерекелік дастарханның алуан түрлілігін ашып көрсетті: наурыз-көже дайындаудың сырларынан бастап, дәмді қуырдақ пен ұлттық тәттілердің рецептеріне дейін. Бейнелерде нағыз аспаздар шеберлігі сайысы басталды, мұнда Қазақстанның әр түкпіріндегі ас мәдениетінің ерекшеліктері көрініс тапты.
Фестиваль қатысушылары ұлттық тағамдар ұсынатын дәмханаларға виртуалды сапар ұйымдастырып, тамақ өнерінің барлық нюанстарын қамтитын әртарапанды контент жасады. Әрбір бейне - дәстүрлі рецептерді қорғау мен ұлттық ас мәдениетін жаһандық аудиторияға танытудағы шығармашылық қадам болды.
Ұлттық музыка және би
Наурыз мерекесі TikTok платформасында ұлттық музыка мәдениетінің жарқын көрінісіне айналды. Домбыра – фестивальдың музыкалық символына айналып, шеберлер оның пернелерінен дәстүрлі күйлер мен заманауи туындыларға кавер тартты.
Фестиваль ұсыныстарын ұлттық киімдердің әсемдігі мен би өнерінің қозғалысы жаулап алды. сіресе Сая Махамбеттің "Қазағымсың" әніне билеу – жеке трендке айналды. Қолданушылар бұл әнге отбасылық шеңберде, достар мен құрбылар арасында билейтін бейнелермен қоса, скрипка сияқты классикалық аспаптарда да орындап, шығармашылық интерпретациялардың шексіз әлемін ашты.
Заманауи және дәстүрлі сән өнерінің үйлесімі
Фестивальдың ең әсерлі тренді – ұлттық сән өнерінің заманауи түсінігіне айналуы болды. Қолданушылар дәстүрлі киімдерді креативті түрде интерпретациялап, ұлттық стильді жаңаша көрсету арқылы мәдениеттің тіршілігін дәлелдеді. Бет-әлпетке салынған дәстүрлі ою-өрнектер мен макияж – бұл ғасырлардан бері жалғасқан мәдени мұраның заманауи тіліне айналды.
«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі TikTok платформасының жыл сайынғы #Наурыз2025 онлайн-фестивалін өткізу бастамасын құптайды. Бұл бастама ұлттық дәстүрлер мен мәдени құндылықтарды қадың көпшілікке, әсіресе жастарға насихаттауға ықпал етеді. Біз цифрлық платформалардың материалдық емес мәдени мұраны сақтау мен ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалаймыз. Наурыздың тарихына, мерекелік дәстүрлерге шынайы қызығушылық танытқан қазақстандық қолданушылардың белсенділігі ұрпақтар арасындағы сабақтастық пен ұлттық бірегейлікті сақтауға деген заманға сай ұмтылысты көрсетеді. Мұндай бастамалар елдің мәдени тұтастығын нығайтып, креативті индустрияның дамуына септігін тигізетініне сенімдіміз», деп атап өтті Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Мерекелік іс-шаралар
TikTok платформасы Астанадан Шымкентке, Ақтаудан Алматыға дейін, еліміздің түкпір-түкпіріндегі қалалар мен ауылдарда өткен мерекелік іс-шаралардан түсірілген жарқын көріністерге толды. Көктемнің ең көркем мерекесін атап өту үшін миллиондаған адам көшеге шығып, ұлттық тағамдардан дәм татып, түрлі ойын-сауық шараларына қатысып, мерекелік көңіл күйлерін TikTok - та бөлісті. Рекорд та тіркелді: Көкшетауда 1600 әйел кимешек киіп, әсерлі шеру өткізді. Ал Ақтауда 5 мыңнан астам адам ұлттық киіммен Каспий теңізінің жағалауына жиналып, салт-дәстүрге деген құрметті паш етті.
Студенттердің шығармашылығы
Биыл – қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары ерекше белсенділік танытты. Олар ұлттық киім киіп, қойылымдарға қатысып, дастархан жайып, ЖОО қабырғасында Наурыз қалай тойланатынын көрсетті. Жалпы, #Наурыз2025 онлайн-фестиваліне Қазақстанның 24 жоғары оқу орны қатысты. Мысалы, Almaty Management University-де ұлттық киім үлгілері көрсетілсе, Narxoz University студенттері би трендіне қосылды, Nazarbayev University-де домбырамен күй шертті, ал ZhanibekovUniversity студенттері мерекелік шаралардың видеоларын бөлісті.
«Қазақстандық жоғары оқу орындарының #Наурыз2025 онлайн-фестиваліне қатысуы – заманауи цифрлық платформалардың білім беру үрдісін тиімді түрде толықтыра отырып, студенттердің мәдени мұраны сақтау мен насихаттауына атсалыса алатынын көрсетті. Жастардың ұлт дәстүріні креатив, музыка, сән және өнер арқылы зор шабытпен паш етуі бізді қуантады – бұл зердері әрі мәдени тұрғыда орныққан тұлғаны қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Білім, шығармашылық пен ұлттық құндылықтарды ұштастыратын осындай бастамаларды министрлік алдағы уақытта да қолдай бермек», – деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Ринатқызы Щеглова.
Өнер мен дәстүр
TikTok платформасындағы шығармашылық қауым Наурыз мерекесін өзіндік өнер әлемімен тойлады. Суретшілер қазақ халқының мәдени мұрасынан алған шабыттарын суреттер арқылы бейнелесе, ал кейбіреулері кілемге сурет салып, қолөнер шеберлері ұлттық ою-өрнектерді заманауи интерпретацияда берді. Кейбір қолданушылардың шығармашылық табыстары ерекше назар аударды: киізден жасалған шағын киіз үй үлгілері, қолдан тоқылған кілемдердегі ұлттық тақырыптар – мұның бәрі дәстүрлі өнердің жаңа формадағы жалғасын көрсетті.
Наурыз – отбасылық мереке ретінде
TikTok қолданушылары Наурыздың жылы сәулесін отбасымен бірге бөлісу арқылы мерекелік салт-дәстүрдің шынайы мағынасын көрсетті. Кейбірлер үшін бұл алғашқы Наурыз тойы болса, енді бірі үшін - ұрпақтар арасындағы мәдени сабақтастықты нығайтушы сәтке айналды.
Мерекеге қатысушылар қатарында дәрігерлерден бастап, кеңсе қызметкерлеріне, полиция қызметкерлеріне дейін әртүрлі кәсіп өкілдері де ерекше орын алды. Тіпті үй жануарлары да мерекелік қуанышқа қосылып, жан-жақты қолдау көрсетті!
«Бүгінде біз шетелдік туристердің қазақ мәдениетіне, асханасына, салт-дәстүрі мен өмір салтына деген ұдайы қызығушылығын байқап отырмыз. Саяхатшылар көбіне-көп терең де мағыналы дүниелер іздейді — олар нағыз ұлттық мұраны танып-білгісі келеді. Осы тұрғыда жастарға және жалпы қоғамға қазақтың бай дәстүрін заманауи цифрлық платформалар арқылы көрсетуге мүмкіндік беретін бастамалардың рөлі ерекше. Бұл процеске жастардың белсенді түрде араласуы - аса маңызды», — деді Kazakh Tourism басшысы Қайрат Садвақасов.
«Қазақстандық жоғары оқу орындарының #Наурыз2025 онлайн-фестиваліне қатысуы – заманауи цифрлық платформалардың білім беру үрдісін тиімді түрде толықтыра отырып, студенттердің мәдени мұраны сақтау мен насихаттауына атсалыса алатынын көрсетті. Жастардың ұлт дәстүріні креатив, музыка, сән және өнер арқылы зор шабытпен паш етуі бізді қуантады – бұл зердері әрі мәдени тұрғыда орныққан тұлғаны қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Білім, шығармашылық пен ұлттық құндылықтарды ұштастыратын осындай бастамаларды министрлік алдағы уақытта да қолдай бермек», – деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Ринатқызы Щеглова.
Community22 апр. 2025 г.
Kazakhstan