TikTok жаздың қорытындысын шығара отырып, Қазақстандағы және дүниежүзіндегі платформадағы ең танымал музыкаларды анықтады. Қазақстандық қолданушылар үшін осы жаздың №1 әні "Ирина Кайратовна" тобының «Чина» трегі болса, ал бүкіл әлемде әнші Мэй Стивенстің «If We Ever Broke Up» композициясы платформаның басты әуеніне айналды.

Қысқа бейнебаяндарды көру мен жасауға арналған жетекші TikTok платформасы өтіп бара жатқан жаздың музыкалық нәтижелерін қорытындылап, осы маусымда Қазақстандағы және бүкіл әлемдегі қосымша қолданушыларына барынша ұнаған басты тректердің тізімін жариялады. 

TikTok-та музыка маңызды рөл атқарады: ол қолданушыларын шығармашылықтарымен бөлісуге шабыттандырады, талай трендтердің өзегіне айналып, платформа атмосферасын жағымды күйге толтырады. Дарынды музыканттар TikTok-тан әлемнің әр түкпіріндегі өз тыңдаушыларын тауып, кез келген жарқын музыкалық шығарма танымал болып, миллиондаған адамдардың сүйіспеншілігіне ие бола алады. 

Осы жазда платформа қауымдастығы жігерлі би ырғағынан бастап лирикалық әуендерге дейінгі әртүрлі музыкаларға бейнебаяндар жасады, олардың кейбіреулері маусымның нағыз әнұранына айналды. Жазғы поп-хиттердің шабыт алған #SongSOfTheSummer хэштегі арқылы жасалған бейнебаяндар қазірдің өзінде 5 миллиардтан астам қаралым жинап, Қазақстанда мен дүниежүзіндегі миллиондаған музыка әуесқойларын біріктірді. 

Бүгін платформа 2023 жылдың жазында TikTok қолданушыларының жүрегін жаулаған басты хиттер мен музыкалық артистердің тізімін ұсынады. Үздік тректер осы әуендердің көмегімен жазда жасалған бейнебаяндар санына қарай іріктелді: осылайша, TikTok қауымдастығы 2023 жылғы жаздың басты хиттерін таңдады.

Қазақстандағы жаздың музыкасы

Қазақстандағы қолданушылар арасында биылғы жаздың басты әндерінің рейтингіне халықаралық және жергілікті музыканттардың туындылары енді. 4 қазақстандық музыканттың трегі елдегі платформа қауымдастығының сүйіспеншілігі мен махаббатына бөленді - бұл барлық хиттер тізімінің жартысына жуығы десек болады. Сондай-ақ тізімге Қырғызстаннан да екі орындаушы ілікті.

1.     Чина - Ирина Кайратовна
Қазақстандағы қолданушылар үшін «Ирина Кайратовна» тобының «Чина» трегі жаздың басты әніне айналды. Қазақстандықтар оның ырғақты әуеніне концерттер мен кештерде, көшеде, тіпті көлікте тынымсыз биледі. Ән мерекелерде, жаттығуларда да ойналып, авторлардың дәстүрлі киімдегі бейнебаяндары ерекше көңіл-күйге бөлесе, әрине, «ат үстінде» бейнебаян да болды.

2.     Makeba - Jain
Сондай-ақ Қазақстандағы қолданушылардың сүйікті жазғы тректерінің тізіміне платформаны небір жағымды бейнебаяндарымен шабыттандырған француз орындаушысы Jain "Makeba"-ның оңтүстік африкалық танымал әнші және қоғам белсендісі Мириам Макебаға арналған әні де кірді.

3.     Эта девочка - Galymzhan & Adil
Сол сияқты TikTok қауымдастығын Galymzhan & Adil дуэтінің «Эта девочка» атты трегі шығармашылыққа құлшындырып, оған қолданушылар романтикалық роликтер түсіріп, сұлулығымен бөлісті.

4.     Puerto-Rico - Kalifarniya
Музыкант Kalifarniya-ның (Фархат Қалиев) «Puerto-Rico» әні Қазақстандағы платформаның басты трендтерінің біріне айналды: оған барлық жастағы қолданушылар билемей тұра алмады: әсем табиғат аясында, тойларда, достар мен ыңғайы келген жағдайда – иә, музыканттың өзі өз үйлену тойында трекке би бейнебаян түсіруді ұмытпады. Осынау жеңіл әрі жағымды жазғы композицияның аясында қазақстандықтар жасанып, сәнді кейіптерімен, елге саяхаттау жөніндегі ұсыныстарымен, жағымды жазғы көңіл-күйлермен бөлісті, сосын, әрине, «Бояу жағатын қызға неге бас кетеді?» деген сұрақ қойды.

5.     Люби меня - Miyagi & Эндшпиль feat Симптом
«Мені сүй» әні де қазақстандықтардың сүйіспеншілігіне бөленіп, осы маусымның басты тректерінің біріне айналды, өйткені жаз бен махаббат лирикасы қашан да бірге жүреді.

6.     Коюп кой – Jax (02.14), (feat. Баястан)
Тізімге тағы бір романтикалық трек енсе - бұл жолы ол Қырғызстаннан келген талантты орындаушы еді. Jax 02.14 биылғы жазды қазақстандықтар үшін – ғашықтар үшін және маусымда жәй ғана рахаттанғандар үшін де ерекшелеп берді.

7.     MONTAGEM - PR FUNK – S3BZS
Жаз – бұл қозғалыс пен жақсы көңіл-күй, сондықтан қазақстандықтар аргентиналық музыкалық продюсер S3BZS-тің ырғақты тректерін іліп алып, оған әлемнің түкпір-түкпіріндегі қолданушылармен бірге белсенді түрде бейнебаян түсірді.

8.     Бедный поэт – Bakr
Қазақстандық TikTok пайдаланушыларына арналған басты жазғы тректер тізіміне бірден екі қырғыз музыканты кірді. Олардың екіншісі – туған елінен тысқары жерлерге де танымал, әуезді ырғағы мен жарқын даусына ғашық болмау мүмкін емес жас орындаушы ретінде танымалдылығын жалғастырып келе жатқан Bakr болатын.

9.     НА РАХАТЕ (REMIX) – Ганвест
Ақтаулық хип-хоп орындаушысының танымал «НА РАХАТЕ» трегінің ремиксі платформа қолданушыларына әнге жаңа тыныс берудің тамаша мысалы болды.

10.  Džanum - Teya Dora
Осы маусымда TikTok-тағы қазақстандықтардың сүйіспеншілігіне бөленгендер тізімін серб әншісі Teya Dora аяқтап, ол бүкіл елдегі қолданушыларға жазғы кештерден, саяхаттардан, ұзақ көлікпен жүргендегі және, әрине, теңіздегі көріністердің романтикалық атмосферасымен бөлісуге шабыттандырған музыкалық шығарма болды.

TikTok-тағы бүкіл әлем бойынша жазғы әндер

2023 жылдың жазында бүкіл әлем бойынша қолданушыларды бейнебаяндар түсіруге шабыттандырған және TikTok қауымдастығының сүйіспеншілігіне ие болған платформадағы танымал әндер тізіміне төмендегі әндер кірді:

1.              If We Ever Broke Up Mae Stephens

2.              What It Is - Solo Version Doechii

3.              girls like me don't cry (sped up) thuy

4.              Cupid – Twin Ver – Sped Up Version FIFTY FIFTY

5.              LALA Myke Towers

6.              Makeba Jain

7.              มองนานๆ FLI:P

8.              Everyday Ariana Grande, Future

9.             Barbie Girl Aqua

10.          Endless Summer – Alan Walker & Zak Abel

@jainmusic 8 étés plus tard, merci de faire revivre Makeba ! 8 summers later, thank you for bringing Makeba back ! #SongOfTheSummer #Popmusic #Tiktokmusic ♬ Makeba - Jain

Биылғы жаз TikTok қолданушыларына көптеген музыкалық жаңалықтар сыйлады. Осы маусымның басты хиттерінің ырғағы платформа қауымдастығын ұзақ уақыт бойы шығармашылыққа шабыттандырады және оларға жаздың жылы естеліктерін сақтауға септеседі.