Қазақстандағы 10 облыста төтенше жағдай жарияланып, нәтижесінде 110 000 астам адамды эвакуациялауға әкелген жойқын су тасқыны жанымызға қатты батады. Қауымдастыққа негізделген платформа ретінде қауымдастықтарға мүмкіндігінше қолдау көрсетуді өз міндетіміз деп санаймыз.

Сондықтан су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу үшін Қазақстандағы Қызыл Жарты Ай ұйымына 250 000 АҚШ доллары көлемінде үлесімізді қосамыз. Ұйым мұқтаж жандарға қажетті тауарларды жеткізу арқылы зардап шеккен аймақтардағы төтенше жағдайларды жою жұмыстарын жеңілдетеді және бұл үлес Қазақстандағы Қызыл Жарты Ай ұйымының қажетті көмек көрсетуіне айтарлықтай септігін тигізеді деп үміттенеміз.

Сонымен қатар қоғамдастыққа туындап жатқан жағдайлар туралы нақты ақпаратқа қол жеткізуге және су тасқынынан зардап шеккендерге үкіметтен қалай қолдау көрсетілетінін немесе Қызыл Жарты Ай ұйымына қалай қайырымдылық жасауға болатынын айту үшін қолданбадағы ресурстарды іске қостық. Қазақстандағы пайдаланушыларымыз су тасқынына қатысты қысқа бейнелерді не тікелей трансляцияларды көргенде немесе TikTok қолданбасында ұқсас мазмұнды іздегенде, олар сенімді ақпараттық ресурстар мен қайырымдылық жасау үшін сілтемелері бар бетке апаратын хабарландыру тегтері мен баннерлерін көре алады.

Біз осы қиын кезеңде Қазақстан халқымен біргеміз және осы апаттан зардап шеккендерге шын жүректен көңіл айтамыз.