TikTok платформаның саясаттары мен стандарттарын одан да қолжетімді түрде түсіндіретін жаңартылған Қауымдастық қағидаларын ұсынды. Сондай-ақ оларда контент авторларына TikTok қағидаларын жақсырақ түсінуге, сондай-ақ өз аккаунттарының белсенді мәртебесі туралы ақпарат алуға көмектесетін жаңа мүмкіндіктер ұсынылған. Осы жаңарту арқылы TikTok тарапынан Қауымдастық қағидаларын сақтауды қамтамасыз ету процесі контент авторлары үшін біршама айқын болады.
TikTok-тың неғұрлым түсінікті қағидалары
Қауымдастық қағидалары — бұл барлық TikTok пайдаланушыларына қолданылатын саясат пен стандарттар. Олардың жаңаруы 2024 жылдың мамырында күшіне енеді және платформаның түсінуді жақсарту және оның қағидаларының айқындылығын арттыру және TikTok оларды қалай сақтайтыны туралы үздіксіз жұмысының жалғасы болып табылады.
Соңғы редакцияда TikTok қағидаларға айқынырақ болу үшін кейбір анықтамаларды қосты және жаңартты, мысалы, жеккөрушілік риторикасы мен денсаулық тақырыбындағы жалған ақпаратқа қатысты. Сондай-ақ, платформа іздеу, тікелей эфирлер және ұсыныстар таспасы сияқты әртүрлі функцияларды модерациялау туралы біршама толығырақ ақпараттарды қамтыды.
Сондай-ақ, TikTok пайдаланушыларының барлық алуан түрлілігі үшін оны одан да қауіпсіз және қолайлы етуге көмектесетін нұсқаулық таспасына контентті жіберу стандарттары жаңартылды. Платформаның жаңа саясаттары жеке бейнелерді ғана емес, сонымен қатар пайдаланушының аккаунтын да ұсыным таспасының стандарттарына қайшы келетін контентті бірнеше рет орналастырған жағдайда ұсыным таспасына жібермеуге мүмкіндік береді. Мұндай аккаунт пен контентті қосымшаны іздеуде табу күрделірек болады. Авторларға олардың есептік жазбасы осылай шектелгені туралы хабарланатын болады және егер олар бұл шешіммен келіспесе, аппеляцияға бере алады.
TikTok контент авторларына Қауымдастық қағидаларын жақсырақ түсінуге қалай көмектеседі
TikTok әрқашан контент авторларына Қауымдастық қағидаларын жақсырақ түсінуге көмектесетін жаңа мүмкіндіктерді іздейді. Дәл осы үшін платформа Қауымдастық қағидаларын алғаш рет бұзған авторларға жіберілетін ескерту хабарламаларын енгізеді. Ескерту хабарламасы аккаунтты кейіннен бұғаттауға әсер ететін ескерту ретінде есепке алынбайтын болады, алайда Қағидаларды келесі бұзушылықтар ескерілетін болады. TikTok креаторларға қандай қағиданы бұзғаны туралы және егер модерация кезінде қате жіберілді деп санаса, олардың қалай апелляция бере алатындығы туралы хабарлайды. Ескерту хабарламалары платформаның нөлдік төзімділік саясатына жататын бұзушылықтарға қолданылмайды және мүмкіндігінше қатаң бағаланады (мысалы, зорлық-зомбылыққа арандатушылыққа қатысты) — мұндай бұзушылықтары бар аккаунттар дереу бұғатталатын болады.
Контент авторлары үшін аккаунт мәртебесіне тікелей қолжетімділік
TikTok контент авторларына «Аккаунтты тексеру» жаңа функциясының көмегімен олардың аккаунтының мәртебесіне қолжетімділікті жеңілдетеді. Бұл функция креаторларға өздерінің соңғы 30 жазбасын жылдам тексеруге және TikTok Қауымдастығының қағидаларын сақтау тұрғысынан олардың аккаунттарының қандай күйде екенін көруге мүмкіндік береді. Аккаунтты тексеру креатордың белгілі бір функцияларға қолжетімділігі шектеулі екендігі туралы ақпаратты қамтиды — мысалы, Қауымдастық қағидаларын бұзғандықтан, түсініктеме қалдыру немесе жеке хабарлама жіберу мүмкіндігі. Сондай-ақ, авторлар олардың контенті Қағидаларды бұзғаны үшін жойылғанын немесе ұсыныстар таспасы үшін жарамсыз деп белгіленгенін көре алады.
Бұл ақпараттың көмегімен авторлар өздерінің контенті мен мінез-құлқы платформадағы олардың аккаунттарының мәртебесіне қалай әсер еткенін және олармен келіспесе, платформа шешімдеріне қалай шағымдана алатынын жақсырақ түсіне алады.
TikTok бастамаларына қатысатын авторлар үшін стандарттар белгілеу
Сонымен қатар, TikTok жақын апталарда күшіне енетін TikTok креаторларының мінез-құлық кодексін жариялады. Бұл біздің Қауымдастық қағидалары мен Пайдаланушы келісімінен басқа, платформада және одан тыс жерлерде TikTok бағдарламаларына, іс-шараларына және науқандарына қатысатын контент авторлары ұстанатын стандарттарды білдіреді. Мұндай бастамаларға қатысу — бұл қосымша міндеттерді көздейтін мүмкіндік, және бұл кодекс авторларға барлық қатысушылардың да осы стандарттарды сақтайтынына қосымша кепілдік алуға көмектеседі.
TikTok-тың басымдығы бүкіл әлем бойынша миллиардтан астам платформа пайдаланушыларының қауіпсіздігі болып табылады. Сондықтан TikTok өз қауымдастығына, атап айтқанда контент авторларына Қауымдастық қағидаларын және олардың қалай сақталатынын жақсырақ түсінуге көмектесуді жалғастырады.