TikTok-тағы жыл: 2023 жылдың ең жарқын сәттеріне шолу

Қысқа бейнероликтер жасау мен көруге арналған TikTok жетекші платформасы 2023 жылды қорытындылай келе, Қазақстанның ең жарқын трендтері, көрнекті креаторлары мен басты хиттердің тізімін жасады.

Бүкіл әлемде күнделікті 1 миллиардтан астам адам TikTok-қа шабыттанып және өзгелерді шабыттандыру үшін кіреді, білімімен бөліседі, тамаша контент жасап, жәй ғана бір біріне жақсы көңіл-күй сыйлайды.

2023 жылы біздің Қазақстандағы қауымдастығымыз бұрын-соңды болмаған белсенділік танытты: қолданушылар өзара әдебиет туралы ұсыныстарымен бөлісіп, химияны меңгерді, қарапайым да дәмді  тағамдар дайындады, спорттық рекордтарға бәс тігіп, саяхаттарының ең ғажайып сәттерімен бөлісті. Бұған дейін де мәшһүр болып келген жұлдыздар шығармашылық жолдарын жалғастырып, ал жаңалары одан да жарқырай түсті. Ендеше, Tiktok қолданушылары осы жылды қалай өткізгенін еске түсірейік!

Қазақстандағы танымал роликтер

  • @otrbv.a – Тәбетті және өте қарапайым ірімшік қосылған картоп панкейктерінің мәзірі
  • @wannabeteacher – Әйгілі  мұғалім Ұлан Үсеновтің химия бойынша тамаша музыкалық дәрісі
  • @chingiskhan.taukov –– Шыңғысхан жолы – өзінің аңызға арналған аттасына лайықты
  • @beauty__satt – Тарихтан тарихқа ауысу: әртүрлі елдердің мәдениеттерінен шабыт алған макияж бейнелері.
  • @orynbayzhanibek – Дәмді моти үшін Жапонияға ұшу

Жыл топжарғаны – 2023 жылы өздерін жарқырата  жариялаған креаторлар

  • @nastya___nepsha – Спорттың қандай құлшындырушы және әсем бола алатыны туралы
  • @aidario_7 – Танымал әуендерге  өздігінше және достарымен бірге каверлер жазатын жас талантты музыкант
  • @lauraerkebulan – Жаңа жылды мерекелеуден бастап босануға дейін барлығы туралы да көңілді
  • @avicenn.music –  Музыкадан шабыт алған гитарашының өміріндегі күлкілі жағдайлар мен әсерлі сәттер
  • @asds__games – Гейминг – барлық отбасының шаруасы болғанда: әкесі мен баласы қалай ойнау және жеңу керектігін көрсетеді

Басты хиттер – Биыл Қазақстан қолданушылары құлақ түрген музыкалық туындылар

  • Оңтүстік Африканың әншісі әрі белсендісі Мириам Макебойдан шабыт алған Jain нің  Makeba әні
  • Ганвест “На Рахате" ремиксі – Ақтау хип-хоп орындаушысының – танымал әнге жаңа тыныс беруі
  • Қазақстандықтар түсірген жүздеген романтикалық бейнеге саундтрек болған   Galymzhan & Adil дуэтінің “Эта девочка” әні
  • Енді таныстыруды қажет етпейтін INSTASAMKA-ның «За деньги да» әні
  • Бізге «Вредина» мен «Очи»-ді сыйлаған Bark-дың кезекті хиті –  «Привет»
  • «Люби меня» – Miyagi & Эндшпиль орындауындағы махаббат лирикасының жаңа үлгісі
  • Puerto-Rico Kalifarniya (Фархат Қалиев) – мыңдаған қазақстандықтардың биіне үздіксіз шабыт сыйлаған  қайнаркөз.
  • Gaichite – сөзін бірден түсінбесе де, Misha Xramovi-дің ырғағын әрбір адам бірден есте сақтап қалады
  • Dosekesh ең жақсы естеліктерді қайда сақтау керектігін әуенімен түсіндіретін – Taspa - Speed Up

Жылдың музыкалық артисі – егер олардың музыкасы болмағанда, 2023 жыл мүлдем басқа болар еді

  • Fatbelly – музыканттың, блогер мен ресторатордың және басқа да талант түрлерін табысты біріктіріп отырған адам
  • Say Mo – өзінің жайдарлылығымен, сезімталдығы және барынша ашықтығымен керемет
  • Ninety One – Қазақстандықтардың q-pop мақтанышы жаңа белестерді бағындыруды жалғастыра отырып, тоқтату туралы ойламайды
  • Miika – бізге өзінің барынша қайталанбайтын өзгерісімен есте қалды
  • Sedreddin – дауысын бүкіл стадион ләззаттана қайталайтын орындаушы
  • Жүгінісов Мирас – бүгінгі сахнадағы ең жарқын және шынайы романтиктердің бірі.
  • Kalifarniya – Қазақстан мен елден тысқары қолданушыларды бір ырғақтағы биге шабыттандырған  адам.
  • Adil – «Моя королева» трегімен биыл туған барлық қыздардың басты әніне айналды
  • Dequine – мүмкін өмірден не қалайтыны туралы ән айтуды және тыңдаушыларын баурауды жалғастыратын болар
  • Adam –  өз әндерінде табысты түрде романтика мен жақсы мағынадағы нағыз брутализмді байланыстыра білді

Жергілікті бизнес: Tiktok арқылы белсенді түрде дамып жатқан қазақстандық компаниялар

  • @bobateakz – TikTok-тағы жазылушыларын күлкілі сызбаларымен көңілін көтеріп, танымал трендтерге бейнебаяндар түсіріп және бабл-ти сусындарының қолжетімді ассортиментін ұсынып отырған Boba шай кафесі.
  • @skindelicious.space – Күтім косметикасы дүкенін дамыту үшін белсенді түрде платформаны қолданатын, сондай-ақ бет күтімі туралы пайдалы ақпаратты бірінші болып тарата отырып, көптен бері өзін талантты бьюти-креатор тұлғасында көрсетіп келе жатқан Нұрсұлтан Қиябай.
  • @brocyberclub– BRO компьютерлік клутар желісі, платформада аудиториясының тілін тапты: мұнда гейминг туралы блиц-сауалнамалар да, конкурстар да, трендті әзілдер де бар
  • @royalflowers_world – Royal Flowers дүкені тек әдемі гүлшоқтарын сатып қана қоймай,  TikTok-тағы жазылушыларының ерекше сұхбаттармен көңілдерін көтеріп, өтіп бара жатқан адамдарға да гүл сыйлайды
  • @romanova_anastassiya – Дизайнер әрі кәсіпкер Анастасия Романова бәлкім той, қалыңдық көйлектері туралы бәрін де білетін шығар. Оған қоса сән әлемінде бірегей этникалық стиль мен қазақ мәдениетін дамытып отыр

TikTok-тан үйрен – Қазақстанның ең қызықты танымдық роликтері

  • @darkhan.coach Воллейболда  ұтуды ғана емес, оны қызықты әрі қауіпсіз етуді үйретеді.
  • @jump2mars Ғылым мен технологиялардың барлық сұрақтары туралы қысқа да өте жанды әңгімелер
  • @aleksei_ekb_ Танымал зергердің металлдармен жұмыс істеу туралы маңызды және пайдалы сабақтары.
  • @malikaaboutstyle Ұстазыңа тап болсаң, стиль өнерін де үйренуге болады
  • @_alina.kan Қазақ тілі мен мәдениетінің әдемі таныстыруы

ТikTok-та ғана – Қазақстандағы биылғы жылдың ең танымал трендтері.

  • @jessysclick Қазақша «Қамажай» әнінің ремиксі бүкіл елдегі қыздарды дәстүрлі киініп, халықтық бидің үйлесімі мен шеберлігін көрсетуге шабыттандырды
  • @arystan1x Қолданушылар адам бетін әжуаға айналдыратын күлкілі Striking Face эффектісі арқылы көңілді өмірлік жағдайларды ойнап, әзілдесті
  • @camilabennetta Bold Glamour эффекті эстетикалық көріністерге ғана емес, әзіл-оспақ контрасы үшін Striking Face карикатуралық эффектісімен байланыста да қолданылды
  • @adaliatta Қартаю эффектісі бар фильтр бізге алдағы бірнеше ондаған жылдарға көз жүгіртіп, өзімізді болашақтан бағалауға мүмкіндік берді
  • Қазақстандағы қолданушылар «мультфильмдік» түр эффектісімен көптеген бейнебяандар жасады

#KiтапТок – бүкіл Қазақстан бойынша әдебиет әуесқойларын біріктіретін TikTok-тағы виртуалды кітап клубы.

  • @mademeimm Мүмкін,  тамаша кітапқа тартатын ең алғашқы сөздері
  • @tanir_tyomcha Жақсы ертегі мен нағыз гангста-рэпті  біріктіруге бола ма деген сұраққа жауап
  • @evilit_ Оқып бітпейінше ұйқы бермейтін кітаптар жинағы
  • @aisha.bookpies «Дома, в котором» кітабының спойлерсіз, бірақ көмегі бар толық шолу.
  • @booksmeoww «Цветы для Элджернона»-дан мінсіз эмоция

Қазақ мәдениеті – қазақ мәдениеті туралы ең жақсы   роликтер

  • @serikbolsyn_ph Қазақстан табиғатының қайталанбас сұлулығы
  • @aru.kink Ғажайып диджитал-өнер
  • @fariz_nogaibekova Танымал трендтегі заманауи және этникалық стиль элементтерінің бірігуі
  • @yernar.almabek Елдің тамаша жерлеріне бейне-саяхат.
  • @qazaq.samsa Аш кезіңде қарауға болмайтын қазақ тағамдары туралы ролик

 

TikTok Қазақстандағы қолданушыларын қалай шабыттандырды

TikTok Қазақстандағы қолданушыларына бұрынғыдан жақын және жергілікті бола түсті

  • 2023 жылдан бастап TikTok қосымшасы қазақ тілінде қолжетімді болды.
  • Биыл TikTok ҚР мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Наурыз мерекесінің құрметіне орай, ең алғашқы #Наурыз2023 онлайн-фестивалін ұйымдастырды. Қазақстандықтарды бір бірімен және әлемдегі миллиондаған қолданушылармен өздерінің ұлттық мәдениетінің сұлулығымен бөлісуге шабыттандырды. Платформа қолданушылары сүйікті мерекелерінің тақырыптарына арналған шығармашылықтарымен белсене бөлісіп, қазақша әндер шырқады, домбырада ойнады. Мерекелік тағамдардың мәзірлерін ұсынып, әсем ұлттық киімдерін паш етті. Онлайн-фестиваль аясында жарияланған бейнебаяндар 200 миллионнан аса қаралым жинады.

Білімдерімен бөлісуге мүмкіндік берді

  • TikTok-тағы танымдық контент Қазақстандағы қолданушылар арасында бұрынғыдан да саналуан әрі танымал бола түсті. Осылайша, 2023 жылы қолданнушылар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен TikTok іске қосқан елдегі ең ірі виртуалды кітап клубы - #Kitaptok-қа қосылды. Жоба іске қосылған соң бір ғана айдың ішінде 35 миллионнан астам қаралым жинады. Қолданушылар кітаптар туралы кеңестерімен, сүйікті шығармаларындағы үзінділермен, кітап сатып алудағы шолуларымен, кітаптарға байланысты жеке оқиғаларымен бөлісіп, әдебиеттегі талқылауды әлі де жалғастырып жатыр. Бұл бастаманы Қазақстанның әр аймағындағы 18 кітапхана мен TikTok контентіндегі танымал авторлар қолдады.
  • TikTok өтіп бара жатқан жылда мұғалімдерге арналған байқаудан шабыт ала отырып, платформада #Қазақстанмұғалімдері жобасының ауқымын кеңейтті. Ендігі жерде байқау тек қана ҚР оқу ағарту министрлігінің ғана емес, ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің де қолдауымен өтетін болды. Ал оған қатысып, бағалы сыйлықтарға ие болу үшін мектеп мұғалімдерімен қоса, колледждер мен жоғары білім беретін ұйымдардың оқытушылары да бақтарын сынай алады. Байқауға қатысу үшін олар платформада өз пәндері туралы креативті және танымдық бейнебаяндар жариялауы қажет. Жарыстың нәтижесі 2023 жылдың желтоқсан айында жария болады.

Қазақстанның көркемдігін қайта ашуға шабыттанды

TikTok пен Kazakh Tourism ҰҚ ауқымды ұзақ мерзімді #Қазақстангиді бастамасын іске қосса, оның аясында қолданушылар көрікті мекендер, мәдени орындар мен бүкіл елдегі гастрономиялық туризмге арналған орындар туралы бейнебаяндар түсірді. Жобаның мақсаты – ішкі туризмге назар аудартып, платформа қауымдастығын туған жерге көбірек саяхаттауға шақырып, сондай-ақ шағын және орта бизнеске қолдау таныта отырып, мәдени және туристік ұйымдарға өздерін насихаттап, жаңа аудитория тарту.

Платформадағы қазақстандық қолданушылардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатына қамқорлық танытты

TikTok үшін қолданушылардың қауіпсіздігі басым бағыт болып қала береді. Сондықтан да қолданушыларының цифрлық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған Қазақстандағы «Қауіпсіздік академиясы» ағартушылық  бастамасын дамытуды белсенді түрде жалғастырды. Биыл осы бастаманың аясында TikTok ЮНИСЕФ және AlmaU сияқты ұйымдардың сарапшыларымен бірлесіп, келесі жобаларды іске қосты:

#Позитивсыйла, интернетте мейірімді және сау атмосфераны құруға шақыратын, сондай-ақ TikTok қолданушыларын өздерін психологиялық қысымнан, өктемшіл пікірлерден мен онлайн қорлаудың басқа да түрлерінен қорғауға үйрету.

  • #Цифрлыигілік, онлайн және офлайн өмір арасындағы тепе-теңдік тақырыбына арналған және Қазақстандағы TikTok қауымдастығына цифрлық игіліктің не екенін, цифрлы гигиенаны қалай дамытуға болатынын және TikTok құралдары бұған қалай көмектесе алатынын айту мақсатында жасалған.
  • #Лүпілдетбірақтексер, оның басты міндеті платформа қолданушыларына медиасауаттылықтың негіздері туралы баяндау: неліктен интернеттегі ақпараттарға сыни тұрғыда қарау қажет, дереккөздердің сенімділігін қалай тексеруге болады, күмәнді контентті не үшін тараптау керек және адасушылықтардың құрбанына айналмау үшін не істеген жөн.
  • Сондай-ақ, арнайы Қазақстандағы қолданушыларының психикалық саулығын қолдауға арналған жаңа функция іске қосылды. Ендігі жерде қолданушылар қосымшада психикалық саулыққа қауіп төндіретін сөздерді енгізген кезде, олардың ментальдық жағдайына көмектесетін ресурстар туралы ақпараттар TikTok-тың Қазақстандағы ресми серіктесі – Telefon150 психологиялық қолдау қызметінің байланыстары бар бетке қайта бағытталады.