TikTok жаңартылған Қауымдастық ережелерін ұсынады, олар бұрынғыдан да түсінікті және ыңғайлы етілген. Қауіпсіздіктің қатаң стандарттарына негізделген жаңа саясаттар платформаның барлық пайдаланушылар үшін сенімді және жайлы ортаны қалыптастыруға деген бейілділігін көрсетеді. Ережелердегі жаңартулар сонымен қатар TikTok-тың қауіпсіздік саласындағы тұрақты жүйелік жұмысынан, соның ішінде жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына, сондай-ақ авторлар мен жалпы қауымдастыққа арналған жаңадан енгізілген құралдардан көрініс тапты.

Қонымды баяндаудың арқасында пайдаланушыларға платформа талаптарына бейімделу оңайырақ болады. Қоғамдастықтың жаңартылған ережелері қазақ тілінде де қолжетімді, бұл оларды Қазақстандағы пайдаланушылар үшін одан әрі ұғымдырақ және түсінікті етеді.

Не өзгерді

TikTok Қауымдастық ережелерінің соңғы нұсқасын әзірлеу кезінде контент авторларымен, сондай-ақ 30-дан астам елден келген тәуелсіз сарапшылармен және әртүрлі ұйымдардың өкілдерімен, соның ішінде өңірлік Консультативтік кеңестермен әңгімелер мен фокус-топтардың нәтижелері ескерілді. Авторлардың ұсынымдарының қатарына ережелерді баяндауда қарапайым және түсінікті тілді пайдалану, сондай-ақ оларды қолданудағы дәйектілік жатады.

Осыған байланысты платформа командасы ережелерге қысқаша шолу бөлімін қосты, онда әр саясаттың ұғынықты түйіндемесі ұсынылған. Сонымен қатар, жаңа ережелер мен стандарттар енгізілді, жалған ақпаратқа қарсы ережелер жаңартылды, сондай-ақ қолданыстағы саясаттар (мысалы, қудалауға қатысты) нақтыланды. Бұл ретте бірқатар санаттар – құмар ойындар, алкоголь, темекі, есірткі, қару-жарақ және қауіпті заттар – реттелетін тауарлар мен қызметтер бойынша бірыңғай саясатқа біріктірілген.

Креаторлар мен пайдаланушыларға платформаның аккаунттары мен өнімдеріне қатысты ережелерді жақсырақ түсінуге көмектесу үшін TikTok «Аккаунттар мен функциялар» бөлімін кеңейтті. Енді ол жеке хабарламаларға, түсініктемелерге, LIVE және TikTok Shop мүмкіндіктеріне қолданылатын қауіпсіздік шараларын көрсетеді.

Сонымен қатар, ережелерді қолдану мәселелерінде ашықтық күшейтілді. Жаңартылған Қауымдастық ережелерінде платформаның дағдарыстар кезеңіндегі жаңа тәуекелдерге қалай жауап беретінін түсіндіріледі, сонымен қатар мәдени ерекшеліктер мен нормаларды ескере отырып, саясаттың әртүрлі өңірлерде қалай жүзеге асырылатыны туралы көбірек ақпарат беріледі.

TikTok ережелердің сақталуын қалай қамтамасыз етеді

Қауымдастық ережелерінің қатайтылуына байланысты TikTok модераторлар мен автоматтандырылған жүйелер ережелерді дәйекті және дәл қолдана алатындай нұсқаулықтар мен оқыту бағдарламаларын жетілдірді. Платформа бұзушылықтарды ерте анықтау жүйесін жетілдіру үшін модерация технологияларына, соның ішінде жасанды интеллектке инвестиция салуды жалғастыруда. Бүгінгі таңда Қауымдастық ережелерін бұзғаны үшін жойылған контенттің 85%-дан астамы автоматты түрде анықталады және жойылады, бұл ретте сол контенттің 99%-ы пайдаланушылар оған шағымданып үлгергенге дейін жойылады. Контент авторлары өз контентінің жойылуына немесе шектелуіне өте оңай шағымдана алады және біз модерация технологияларын белсенді түрде жетілдіріп жатқанда шағымдар саны бұрынғы деңгейде қалды.

Жаңартылған Қауымдастық ережелері туралы хабарламалар пайдаланушыларға осы жарияланым жасалған сәттен бастап келіп түсе бастайды, ал Ережелердің күшіне ену күні – 2025 жылғы 13 қыркүйек. TikTok барлығын платформада контентті және көрермендер тәжірибесін қауіпсіз құру үшін жаңартылған ережелермен және құралдармен танысуға шақырады.