TikTok пен Kazakh Tourism кең ауқымды  #ГидПоКазахстану бастамасын іске қосты, оның аясында олар бүкіл елдегі көрікті мекендер, мәдени орындар мен гастрономиялық туризмге арналған жерлер туралы бейнегидтер түсіреді. TikTok-тағы туристік гид интерактивті картаға бүкіл өңірлер егжей-тегжейлі енгенше ай сайын еліміздегі екі жаңа облыспен толықтырып отырады. Жобаның мақсаты – платформа қауымдастығының назарын ішкі туризмге аудару, туған елімізге көбірек саяхаттауға құлшындыра отырып, шағын және орта бизнеске көмектесу, оған қоса мәдени және туристік ұйымдарға өздері туралы мәлімдеп, жаңа аудитория табуға септесу.

Қысқа бейнероликтерді жасау мен көруге арналған TikTok жетекші платформасы миллиондаған қолданушыларына айналамыздағы әлемнің қырларын ашып, жаңа сапарларға шақыратын бағыттарды табуға мүмкіндік береді. Саяхат тақырыбы – TikTok қауымдастығы арасындағы ең сүйіктілердің бірі: әлемнің әр шалғайындағы қолданушылар өз әсерлерімен бөлісе отырып, #travel хештегі бойынша түсірілген қысқа бейнебаяндарында берген кеңестері  220 миллиардтан астам қаралым жинаған. Сондай-ақ Қазақстандағы TikTok та қолданушыларға өз елінің әр түкпіріндегі көрікті мекендерді жаңа қырынан тануға мүмкіндік беріп отыр. Сол сияқты өткен жылы да TikTok пен Kazakh Tourism Ұлттық компаниясы #TravelKazakhstan атты бірінші жобаны іске қосып, оның аясында кәсіби гидтер танымал авторлармен бірге Қазақстанның әр түкпіріне саяхаттап, ал қолданушылар туған қалаларындағы сүйікті мекендер туралы бөліскен еді. Қазақстан бойынша саяхаттар туралы хештегпен аттас роликтер қазірдің өзінде 25 миллионнан астам қаралым жинаған.

Қазіргі таңда TikTok пен Kazakh Tourism өз әріптестігін жаңа деңгейге көтеріп, бұрынғыда әлдеқайда ауқымды #ГидПоКазахстану бастамасына кірісті. Бейнегид TikTok жобаларының ресми парақшаларындағы интерактивті картада қолжетімді болады.  Қолданушы еліміздің әр облысын басқан кезде аймақ туралы бейнероликтері және тамаша көрікті жерлері бар беттер ашылады.

Кампания еліміздің ең ірі үш қаласына жататын Астана және Шымкент қалаларынан бастау алса: мәдени ұйымдар, мейрамханалар мен осы қаланың басқа да мекемелері өздері туралы мәліметтер беріп, интерактивті туристік картадан табыла алады. Оған қоса жергілікті тұрғындар да өздерінің сүйікті мекендері және кеңестерімен бөлісуге шақырылады. Бұл үшін #Қазақстангиді хештегі және #Шымкент немесе #Астана  хештегі бойынша бейнебаян салу керек. Бұл қалалардың қызықты жерлері туралы бейнероликтерді Kazakh Tourism @travel.kazakhstan, жергілікті туристік ұйымдар @visitastana және @visitshymkent, мейрамханалар мен дәмханалар, Шымкент драма театры @dramteatr_shymkent және Ордабасы футбол клубы @fc__ordabasy, сондай-ақ танымал болған. ТикТоктағы контент авторлары: @rashit.ilyassov, аспаз @gulzhannat_nurusheva, Қазақстан тарихы мен мәдениеті туралы контент авторы @mbainazarov, гид және фотограф @timur_baigulov және т.б.

"Kazakh Tourism Ұлттық компаниясы мен TikTok арасындағы ынтымақтастық біздің еліміздің туристік нысандарына назар аударта алатын жаңа келешектің беттерін ашады.  Біз TikTok қолданушыларына Қазақстанның мәдени және гастрономиялық байлығын қолжетімді етіп қана қоймай, сонымен қатар Отанымыздың әр бұрышына шабыттандыратын бейне гид жасайтын осынау бірегей жобаға белсене қатысуға шақырамыз. Осы серіктестіктің арқасында TikTok-тың әрбір қолданушысы тек көрермен ғана емес, сонымен қатар бірегей онлайн нұсқаулықты жасауға үлес қоса алатын белсенді гид те бола алады," – дейді  «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Садуақасов.

"Қазақстан – мәдени және гастрономиялық мұраға бай ел болса, бұл жердің адамдары да орасан шығармашылық әлеуетке ие. Біздің жобаның мақсаты – «Kazakh Tourism» компаниясымен бірге Қазақстандағы және одан тыс жерлердегі қолданушыларға елдің сұлулығы мен туристік мүмкіндіктерін көрсету, сонымен қатар әртүрлі аймақтардағы жергілікті бизнес пен мәдени ұйымдарға өздері туралы баяндауға мүмкіндік бере отырып, кең аудиторияның назарын аудару. TikTok-тағы  Қазақстан гидінің арқасында бұрынғыдан да көп адам елдегі ең тамаша жерлер туралы біліп, өздері үшін жаңа қызықты саяхаттарын жоспарлайды деп үміттенеміз," – дейді TikTok-тың Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы операциялық бөлімінің жетекшісі Екатерина Блинец.