Қазір Қазақстанда бірқатар өлшемшарттарға сәйкес келетін TikTok контентінің авторларына Series қызметі – платформада шығармашылықты ақшалы етудің жаңа тәсілі қолжетімді бола бастады.
TikTok-тағы пайдалы және қызықты контенттің алуан түрі – Еxcel-де жұмыс істеу бойынша лайфхактардың үздік топтамасынан бастап тиімді жаттығуларды таңдауға немесе сұлы жармасының соңғы рецептісіне дейін – дүние жүзіндегі миллиардтан астам адам өмірінің бір бөлігіне айналды. Бүгінде платформа Қазақстандағы TikTok Series – креаторларға шығармашылығын ақылы премиум-контент пішімінде бөлісуге және көрермендеріне одан әрі жақындауына мүмкіндік беретін құралды ұсынады.
Series-ке қол жеткізу үшін, контент авторы өлшемшарттар тізіміне сәйкес болуы керек, соның ішінде:
- Автордың жасы - 18 жас және одан жоғары;
- Кемінде 30 күн бұрын құрылған және 10.000 жазылушысы бар аккаунт;
- Креатор аккаунтында соңғы 30 күнде үштен астам жалпыға ортақ бейне, олардың әрқайсысының бірдей уақыт аралығында кемінде 1.000 қаралымы бар болуы керек.
10.000-нан кем жазылушысы бар, бірақ басқа талаптарға сай келетін контент авторлары TikTok қосымшасындағы авторларға арналған Портал арқылы өтінім бере алады және бұрын басқа платформаларда бөліскен ақылы контент сілтемесін ұсына алады.
Өтінім беру мүмкіндікке қол жеткізуге кепілдік бермейді. Толығырақ анықтама алу үшін TikTok қолдау орталығына кіріңіз.
Сүйікті авторларыңыздан бұрынғыдан да көбірек сапалы контент
Пайдаланушылар TikTok-қа ой-өрістерін кеңейту, жаңа нәрселерді үйрену және платформаның миллиондаған қауымдастығымен оқиғаларын, идеяларын және білімдерін бөлісу үшін келеді.
TikTok Series қызметі авторларға көрермендеріне ең құнды деп саналатын контентті таңдауына мүмкіндік береді. Креаторлар пайдаланушыларға ақылы түрде қолжетімді премиум-контент топтамаларын жариялай алады. Енді TikTok қауымдастығында сүйікті авторларының контентін көруге жаңа әрі барынша созылмалы пішім бар: Series пішіміндегі топтама әрқайсысының ұзақтығы 20 минутқа дейінгі 80 бейнені қамти алады.
Платформа авторлары контенттің экслюзивті құндылығын көрсету үшін, Series-тің мәні қандай болу керектігін өз бетінше анықтай алады.
Премиум-контентке тікелей бейне сілтемелері арқылы немесе контент авторының профилінде қол жеткізуге болады. Series креаторлар мен олардың көрермендерін одан сайын жақындата түседі және пайдаланушыларда өздері ұнататын авторларының шығармашылығын қолдаудың тағы бір жолы бар.
Қауымдастықтың қауіпсіз және достық рәуіштегі атмосферасы басымдыққа ие
TikTok-тың басты басымдығы – платформа қауымдастығының қауіпсіздігі болса, оның ішінде жаңа мүмкіндіктердің іске қосылуы. Және біз шығармашылық пен өзін-өзі көрсетуді еркін өркендете алатын қауіпсіз әрі қолайлы ортамен қамтамасыз етуге ұмтыламыз. Сондықтан, TikTok-тың барлық контенті тәрізді, Series-та орыс тілінде қалай қолжетімді болса, солай қазақ тілінде қауымдастығымыздың Ережесіне сай болуы керек.
Series платформада өсіп келе жатқан контентті ақшалы етудің шешімдер жиынтығын толықтырады, бұл уақытта TikTok қауымдастықты жігерлендіріп, шығармашылығы арқылы миллиондаған адамдардың өмірін нұрландырғаны үшін, олар бізді бағалайды және марапаттайды деп креаторлардың сезінулеріне мүмкіндік беретін жаңа пішімдермен жұмыс жасауды жалғастырып отыр. Біз Series-ті іске қосудың бастапқы кезеңінде болғандықтан, қауымдастықтың ой-пікірлерін мұқият тыңдауды жалғастырамыз.