Қысқа бейнероликтер жасау мен көруге арналған TikTok жетекші платформасы Қазақстан Республикасының оқу ағарту министрлігінің, Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен өткізілген кезекті #Қазақстанмұғалімдері конкурсының қорытындысын шығарды.
Өткен жылы TikTok платформасы ҚР оқу ағарту министрлігі қолдауымен алғаш рет бүкіл елдегі мұғалімдерге арналған байқауды бастаған еді. #Қазақстанмұғалімдері бастамасы оқытушыларға өз шығармашылықтарының жаңа қырларын ашуға және қарапайым қысқа бейнероликтер форматында өз пәндері бойынша білімдерімен бөлісуге мүмкіндік берді. Жоба үлкен табыспен өтті, ал оның хэштегтері қазақстандық сегментте 2022 жылы ең танымалдар қатарында болды.
Ал биыл TikTok жобаның ауқымын одан да кеңейтіп, конкурсқа мектеп мұғалімдерімен қоса, колледж, жоғары білім мекемелерінің оқытушылары да қатысты. ҚР оқу ағарту министрлігі және ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі байқау серіктестеріне айналды. Жобаның ресми амбассадорлары ретіндегі таңдау химия пәнінің мұғалімі Ұлан Үсенов @wannabeteacher, математика пәнінің ұстазы Данияр Сеңгірбай @aks.dani, былтырғы байқаудың жеңімпазы Бекболат Комолов @the_bekbolat01 пен мұғалімдер командасының өкілі Нариман Қарабалинға @jump2mars түсті.
Байқауда еліміздің әр шалғайындағы елді-мекендердің оқытушылары бақ сынады: олар гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық пәндері бойынша креативті әрі қысқа форматта білімдерімен бөліссе, жобаның #УчителяКазахстана және #Қазақстанмұғалімдері ресми хэштегтері бойынша жалпы қаралымдар саны 800 миллионнан асты!
«Бұл байқау инновациялық қадамдар мен заманауи технологиялар білім беру үдерісін қалай байытатынын және оқытушыларды да, оқушыларды да шабыттандыратынын көрсетеді. Осындай бастамалар білім мен ғылымның дамуына игі ықпал ететіне сенімдімін» - дейді Қазақстан Республикасының ғылым мен жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
«Біздің ТикТок-пен бірлесе жүргізген жобамыздың арқасында Қазақстан педагогтары өздерінің креативті әрі барынша қызықты білімдерімен жастармен, оған қоса әртүрлі буындағы ғаламтор пайдаланушылармен де бөлісуге мүмкіндік алды. Ұстаздардың жобадан шет қалмай, ғаламтор платформаларын игіліктеріне жаратып, ғылым мен мектеп пәндерін кеңінен насихаттағаны қуантады. #Қазақстанмұғалімдері бастамасының мақсаты - педагогтарды барынша шабыттандырып, білім берудің жаңа шығармашылық әдістеріне жол ашып, оқудың қызықты әрі еліктіре алатын көрсету және елдегі білім контентіне қызығушылықтарын арттыру», - дейді Қазақстан Республикасының Оқу- ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова.
Келесідей оқытушылар конкурс жеңімпаздары атанды:
1. «TikTok 2023 мұғалімі»
Бұл номинацияда белгілі бір сала бойынша түсінікті тілмен баяндалған бейнероликтердің креативтілігі бағаланды. "Ирина Кайратовна" тобының танымал 'Чина" әнін қайта орындай отырып, ұлы физик Исаак Ньютон мен оның заңдарына арналған стильді музыкалық бейнеролик түсірген Алматы қаласының мұғалімі Хайдар Мұрзахметов @neverhaid жеңімпаз атанды. Хайдар кезекті рет Тiktok – физика сияқты күрделі пәнді қызықты да шығармашылық тұрғыда ұсынуға болатынын және edutainment-форматқа арналған мінсіз платформа екенін дәлелдеді.
2. «TikTok оқытушысы 2023»
Бұл номинация бойынша ЖОО оқытушыларының арасынан ең креативті бейнеролик ұсына білген автор жеңімпаз атанып, бұл марапатқа Алматыдағы робототехника оқытушысы Хамза Дәулетбек @khamza_d лайық деп танылды, ол екі минуттық бейнеролигінде қарапайым тілмен қалай өз бетінше Arduino платформасындағы робот жинауға болатынын түсіндіреді.
3. «Жылдың жаңа мұғалімі»
Байқау аясында жасалған кімнің бейнероликтері жалпылай алғанда ең көп қаралым жинаса, сол оқытушы жыл ашқан “жаңалық” болды. Бұл аталым бойынша роликтері 8 миллионнан аса қаралым жинаған Жетісу облысы Алаккөл ауданы Достық ауылындағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ботагөз Омарова @botagozomarova2 жеңіске жетті. Оның оңды бейнебаяндары тұрақты түрде мыңдаған қаралым жинаса, ең танымал бейнебаянының қаралымы 3 миллионнан асты.
4. «Үздік бейнеролик»
“Үздік бейнеролик” номинациясы TikTok-та ең көп қаралым жинаған танымдық ролик авторына беріледі. Бұл номинация бойынша логикаға байланысты жұмбақ туралы бейнеролигімен 5 миллионан аса көрініс жинаған Павлодар қаласының харизматикалы мұғалімі әрі оқушыларының сүйіктісі ұстазына айналған Игорь Гноев @andreichadela жеңіске жетті.
Байқаудың барлық жеңімпазы – ТikTok-тың миллиондаған қолданушыларына бұрынғыдан да сапалы бейнероликтер түсіруге мүмкіндік беретін бағалы iPhone 15 Pro Max смартфонына ие болады.