TikTok Astana Hub-пен бірлесіп үшінші жыл қатарынан өтіп жатқан TikTok Startup Академиясы білім беру бағдарламасының жаңа кезеңіне іріктеуді бастады. Академия аясында стартап өкілдері платформада жетістікке жетуді және қоғамдастықтың назарын өз өніміне аударуды үйренеді. TikTok StartUp Academy финалистері TikTok-та жылжыту үшін гранттар алады – жалпы жүлде қоры $15 000.
TikTok қысқа бейнероликтерін жасауға арналған жетекші платформасы Қазақстандағы өз пайдаланушылар қауымдастығына шығармашылық пен жаңа білім алу үшін кең кеңістік ұсынады, сондай-ақ білім беру ресурстары мен платформада бизнесті дамытуға арналған бірегей, инновациялық құралдар арқылы жергілікті компаниялардың дамып, өсуіне қолдау көрсетеді.
Осы аптада платформа Орталық Азиядағы IT-стартаптардың ірі халықаралық технопаркі болып табылатын Astana Hub-пен серіктестікте стартаптарға арналған TikTok Startup академиясының үшінші бірлескен бастамасын жүзеге асырды.
Бағдарламаға қатысу үшін стартаптар 10 қарашаға дейін мына сілтеме арқылы өтініш беруі тиіс. Өтінімде стартап міндеттері, географиясы, сондай-ақ компанияның TikTok көмегімен қол жеткізуді жоспарлап отырған бизнес мақсаттары туралы айтылу қажет. Ең бірегей идеялары мен негізделген бизнес-моделі бар және платформадағы мақсаттарды нақты түсінген үздік стартаптар 29 қарашада Астанада өтетін финалдық кезеңге іріктеледі. Финалистерге Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстаннан жатын орны мен ұшып келу-кету төлемдері өтеледі.
Финалда қатысушылар Академия сарапшыларының білім беру курсынан өтіп, TikTok сайтында ілгерілеу үшін $15 000 жүлде қорын сарапқа сала алады.
"TikTok StartUp Академиясы аясында біз кәсіпкерлерге жаңа білім алуға және TikTok пен Astana Hub үздік сарапшыларының тәлімгерлігімен жаңа биіктерге жетуге мүмкіндік беретін бірегей тәжірибе ұсынамыз, ал үздік қатысушыларға арналған гранттар оларға өздерінің батыл идеяларын іске асыруға мүмкіндік береді" - деп түсіндірді Қазақстандағы TikTok бизнесті дамыту департаментінің басшысы Юлия Кушнир.
Академияға Әзірбайжан, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген стартаптар да қатысады.