Қысқа бейнебаяндар жасау мен көруге арналған жетекші TikTok платформасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрліктерінің қолдауымен #Қазақстанмұғалімдері байқауын қайта бастайды. TikTok өткен жылы сәтті басталған жобаның аясын кеңейтіп отырғандықтан, енді байқауға мектеп мұғалімдерімен қатар, колледждер мен жоғары білім беретін мекемелердің де оқытушылары қатыса алады. Байқауға қатысу үшін олар платформада өз пәндері туралы креативті және танымдық бейнероликтер жариялауы қажет.

 TikTok-тағы танымдық мазмұн қарқындап жатқандықтан, Қазақстандағы қолданушылар арасында бәрі де танымал бола түсуде: мәселен, #кітапток хештегі бойынша жасалған әдебиет туралы бейнероликтер елдегі қолданушылар арасында 70 миллионнан астам қаралым жинап үлгерді. Өткен жылы TikTok платформасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен алғаш рет бүкіл елдегі мектеп мұғалімдеріне арналған байқауды бастаған болатын. #Қазақстанмұғалімдері бастамасы ұстаздарға шығармашылықтарының жаңа қырларын ашып қана қоймай, қарапайым бейнероликтер үлгісінде өз пәндері бойынша білімдерімен бөлісуге мүмкіндік берген еді. Жоба табысты жүзеге асып және оның хештегтері 2022 жылы TikTok-тың қазақстандық сегментіндегі ең танымалдылардың біріне айналды: #УчителяКазахстана және #Қазақстанмұғалімдері хештегтері бойынша жасалған бейнероликтер қазірдің өзінде 500 миллионнан астам қаралым жинады.

 Ал биыл TikTok осы байқауды мұнан да ауқымды форматта өткізіп: оған қатысуға мектеп мұғалімдерінен де бөлек, колледждер мен жоо оқытушыларын шақырып отыр. Бастамаға серіктес ретінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қосылды. Жобаға ресми амбассадорлар ретінде қазірдің өзінде TikTok-та танымалдылыққа ие болған химик Ұлан Үсенов @wannabeteacher, математик Данияр Сеңгірбай @aks.dani, былтырғы байқаудың жеңімпазы Бекболат Комолов @the_bekbolat01, сондай-ақ мұғалімдер командасының өкілі Нариман Қарабалин @jump2mars тартылды. Қарашаның 3-нен 11-і аралығында амбассадорлардың әрқайсысы TikTok пайдаланушыларына сапалы танымдық мазмұнды қалай түсіруге болатынын оқытатын тікелей эфирлер өткізеді.

Байқауға қатысуға мектеп мұғалімдері, сондай-ақ TikTok-та білім беру контентін жасайтын немесе оны бастауға дайын колледждер мен жоо оқытушылары шақырылады. Ол үшін 2023 жылдың 1 қарашасы мен 17 желтоқсан аралығында оқытушылар қысқа танымдық бейнероликтерді орналастыруы қажет. Роликтердің ұзақтығы 30 секундтан кем емес болуы маңызды, оған қоса оларды жариялаған кезде байқаудың мынадай хештегтері қолданылады: #учителяказахстана немесе #қазақстанмұғалімдері.

 «Біздің TikTok жобамыздың арқасында Қазақстан педагогтары өз білімдерін қалай жастармен, солай түрлі жасты ұрпақтың интернет-пайдаланушыларымен де креативті және одан да қызықты түрде бөлісу мүмкіндігін ашады деп үміттенеміз. Ұстаздардың тарапта тыс қалмағаны және қазірдің өзінде ғылымдар мен мектеп пәндерін насихаттау үшін онлайн платформаларды қолданғаны қуантады. Біз қазірдің өзінде Қазақстандағы TikTok трендтерінде көптеген дарынды ұстаздарды көріп отырмыз. #қазақстан мұғалімдері бастамасының мақсаты - педагогтарды оқытудың жаңа шығармашылық жолдарын ашуға шабыттандыру, оқудың қызықты әрі көңілді екенін көрсету және еліміздегі білім беру мазмұнына деген қызығушылықты арттыруды жалғастыру», — деп атап өтті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова.

 «Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі #қазақстан мұғалімдері байқауын қолдайды. Бұл сапалы білім беру мазмұнын кең аудиторияға таратуға ықпал ететініне сенімдіміз. Бұл бастама мұғалімдерге өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісуге көмектесіп қана қоймай, оларды үнемі өзін-өзі дамытуға және біліктілігін арттыруға ынталандырады. Біз бұл жоба Қазақстан жастары арасында білім мен ғылымға деген қызығушылықты арттыруда маңызды рөл атқаратынына сенімдіміз, осылайша біздің қоғамның тұтастай дамуына ықпал етеміз», — деп түсіндірді Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі Камиль Акатов.

 TikTok платформасының, ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдерінен құралған қазылар алқасының мүшелері қатысушыларды төрт номинация бойынша бағалайды:

  1. «TikTok мұғалімі 2023»

Номинация мектептер мен колледждердің педагогтарына арналған. Бұл атаулы сыйлық күрделі ғылыми идея, мәлімет немесе тұжырымдаманы қарапайым тілде баяндаған ең креативті бейнеролик авторына беріледі.

  1. «TikTok оқытушысы 2023»

Номинация жоғары білім беретін мекемелердің оқытушыларына арналған. Бұл атаулы сыйлық күрделі ғылыми идея, мәлімет немесе тұжырымдаманы қарапайым тілде баяндаған ең креативті бейнеролик авторына беріледі.

  1. «TikTok-тағы жаңалық»

Бұл аталым бойынша байқау аясында кімнің бейнеролигі жалпы есептегенде барынша көп қаралым жинаса, сол оқытушы жеңімпаз атанады. Байқауға мектеп мұғалімдерімен қатар, колледждер мен жоо оқытушылары да қатыса алады.

  1. «Үздік бейнеролик»

Байқау аясында кімнің жасаған бейнебаяны ең көп қаралым жинаса, сол оқытушы жеңімпаз болады.

Байқау жеңімпаздары бұрынғыдан да сапалы әрі танымдық бейнероликтер жасап, TikTok-тағы дамуын жалғастыру үшін iPhone 15 Pro смартфондарын алады.