• TikTok 10 қазан Дүниежүзілік ментальды денсаулық күні аясында Қазақстандағы платформа қолданушыларының ментальды әл-ауқатына бұрынғыдан да көбірек қамқорлық танытуға көмектесетін жаңа қызметті іске қосады.
  • Енді қосымшадан  іздеуге ментальды денсаулыққа қауіп төндіретін сөздерді енгізетін пайдаланушылар өздерінің психологиялық жай — күйіне көмектесетін ресурстар туралы ақпараты бар бетке және Қазақстандағы TikTok ресми серіктесі Telefon150 - психологиялық қолдау қызметінің байланыстарына қайта бағытталатын болады.

TikTok Қазақстандағы миллиондаған қолданушысы қауіпсіз әрі  жайлы ортада өздерінің шығармашылықтарымен бөлісіп, жаңа дүниелер жасап және қажет болған жағдайда көмек сұрай алуы үшін белсенді жұмыс істеп отыр. TikTok қолданушыларын ментальды игіліктер тақырыбы бұрынғыдан да көбірек қызықтыратын болған және олар өздеріне қамқорлық танытуға көмектесетін мазмұндарды қарайды: мәселен, бұл қазірдің өзінде 300 миллионнан астам қаралым жинаған #ментальдысаулық хештегі бойынша жарияланған бейнероликтер.

Дүниежүзілік психикалық саулық күні аясында TikTok жергілікті платформа қауымдастығының ментальды игілігін қолдауға арналған жаңа қызметі туралы жариялап отыр. Ендігі жерде Қазақстанда қазақ және орыс тілдеріндегі арнайы хабарландырулар қолжетімді: олар іздеу сұраныстары психикалық саулыққа қауіпті тақырыптармен байланысты болған кезде қолданушылардың қосымшаларында көрініс табады. Бұл тақырыптар өз өзіне зақым келтіру, суицид пен жалпы ментальды саулықты қамтиды.

Хабарламалар пайдаланушыларға өздерінің психологиялық әл — ауқатына қамқорлық жасаудың маңыздылығын еске салады, олардың әл-ауқатын жақсартуға қалай көмектесуге болатыны туралы ресурстарға сілтемелерді және TikTok-тың қызметтері кеңес беру мен шұғыл психологиялық көмекті қамтитын психикалық әл-ауқатын қамтамасыз етудегі ресми аймақтық серіктесі Telefon150 тәулік бойғы психологиялық қолдау қызметінің байланыстарын береді. Бұл жаңалық еліміздің түкпір-түкпірінен келген пайдаланушыларға қажет кезде қолдау алуға мүмкіндік беретін тағы бір маңызды қадам болмақ.

TikTok нақты ментальды мәселелерге назар аудартып және көмек көрсете алуы үшін өздері де қиын жағдайларға тап болған және осы туралы өз тәжірибесімен бөлісуге дайын қолданушыларды қолдайды. Алайда, TikTok қолданушылардың ментальды денсаулығына зиянын тигізуі мүмкін және әлеуетті түрде қауіпті тақырыптарды насихаттап, бейнелейтін мазмұнға жол бермейді – бұл туралы платформаның Қауымдастық Ережесінен толығырақ білуге болады. Мұнан да бөлек TikTok-тың Қауіпсіздік орталығында платформа саясаты, құралдары мен баптаулары туралы барлық ақпараттар қолжетімді. Мысалы, Игіліктер жөніндегі нұсқаулықтан қолданушылар өздерінің ментальды саулығын қалай қолдауға болатыны туралы біле алады. Ал «Суицид және өз өзіне зақым келтіру» бөлімінде өзіне өзі қол жұмсауға немесе зақым келтіруге бағытталған әрекеттерді насихаттайтын мазмұнның таралауына жол бермеудегі TikTok-тың барлық жұмыстары туралы мәліметтер жинақталған. Ал «Қорлаудың алдын алу» бөлімінде қолданушылар қорқыту мәселелері жөнінде ақпарат алып, қолдауға ие  бола алады.