- TikTok ЮНИСЕФ-пен бірге онлайн мен офлайн өмірдің арасындағы тепе-теңдікті сақтау тақырыбына арналған #СандықӨркендеу кампаниясын іске қосады. Арнайы TikTok қауымдастығы үшін психология мен онлайн-қауіпсіздік саласының сарапшылары қолданушыларға арналған танымдық ұсыныстары бар бейнероликтер түсірді.
- Сондай-ақ TikTok Қазақстанда қауымдастықты олардың қосымшада отыратын уақытын бақылауға шақыратын арнайы бейнероликтері іске қосты. Оған Ninety One мен музыкант Baur Karbon топтары қатысып, қолданушыларға үзіліс жасап, интернеттен демалуын еске салып отырады. Бұл бейнероликтерTikTok-та бір сағаттан артық отырғандарға көрінеді.
- Қазақстандағы қолданушылардың сандық сауаттылығын көтеруге бағытталған осы жоба TikTok-тың «Қауіпсіздік академиясы» атты білім беру бастамалары аясында өтеді.
Қазіргі заманда адамдардың күнделікті өмірінің көп қыры – жұмыс пен оқудан бастап шығармашылық пен қарым-қатынасқа дейін – онлайн-кеңістікпен байланыста өтеді. Сондықтан қолданушылар нақты және сандық өмірдегі тепе-теңдік пен интернеттегі өз тәжірибесін бақылап отыру қажеттігін түсінгендері абзал.
TikTok өз қауымдастығының ақыл-ой және физикалық денсаулығына қамқорлық таныта отырып, қолданушыларға сандық игіліктерді сақтаудың қолжетімді тәсілдерін хабарлауға ұмтылады. Жоба Қазақстандағы TikTok қауымдастығына сандық өркендеу деген не, сандық гигиенаны қалай дамытамыз және бұған қандай TikTok құралдары көмек береді дегенді жеткізуді көздейді.
Арнайы жоба үшін психология жөніндегі және онлайн-қауіпсіздік саласының жетекші сарапшылары қандай әдеттер сандық игіліктерді қолдауға және ата-аналар жеткіншекке интернет пен күнделікті өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтауға не көмектесетіні туралы іс жүзінде кеңес беретін танымдық бейнероликтер әзірледі.
TikTok мұнан да бөлек қазақстандық танымал адамдармен бірге қолданушыларды олардың қосымшада отыратын уақытын бақылауға шақыратын арнайы бейнероликтер дайындады. Ninety One (@ninetyone_official) мен Baur Karbon (@karbon.baur) тогптарының мүшелері қолданушыларға олар TikTok-қа кірген кезде күндіз қосымшада 80 минуттан астам, ал түнде 60 минуттан артық отыратын болса, үзіліс жасауға үндеп отырады.
Қосымшадағы жоба басты бетінде экран уақытын бақылауға арналған, сондай-ақ қолданушыларда айтарлықтай жағымсыз әсерлер тудыратын мазмұнды шектейтін TikTok-тың тиімді құралдарымен танысуға болады. Танымал авторлар өз бейнероликтерінде TikTok-тың сандық игіліктерінің қызметі қалай жұмыс істейтінін көрнекті түрде түрде көрсетсе – жобаны @2travelerslife саяхатшылары, домбырашы @bekarti, гаджеттер шолушысы @saparalysherim және BIP House жобасының қатысушылары да қолдады.
- Ұсыныстар арнасы үшін контенттерді шектеу қызметтері: «Қауіпсіз режим», өзін өрескел контенттен шектеуге мүмкіндік берсе, «Бейненің негізгі сөздерін сүзгілеу», ұсыныстар лентасынан өзінің қандай бейнелерді көргісі келмейтінін анықтауға көмектеседі.
- Экран уақыттарын басқару және бақылау қызметтері: TikTok-та күнделікті экран уақытын шектеуге, қосымшамен жұмыс істегенде үзілістерді жоспарлауға, ұйқы туралы ескертпені орнатуға және түнгі уақытта TikTok-ты қарқынды қолдануды реттеуге және қосымшада қанша уақыт өткізетінін жүйелі түрде бақылауға мүмкіндік береді.
- Рush-хабарламаларды басқару және өшіру қосымшадағы жаңа әрекеттер туралы
- Отбасылық орнатулар, ата-аналарға жасөспірімдерінің платформада қауіпсіз екендігін өздігінше тексеруге, өз аккаунтын кәмелетке толмаған қолданушының TikTok аккаунтына байлауға және баласының аккаунтында тиісті шектеулерді орнатуға мүмкіндік береді.