• 9 тамызда өтетін Дүниежүзілік кітапқұмарлар күні қарсаңында TikTok Қазақстандағы пайдаланушыларды мерекеге қосылуға және #кiтапток хэштегі бойынша әдебиет тақырыбындағы креативті бейнероликтермен бөлісуге шақырады.
  • Виртуалды мереке #кiтапток бастамасының жалғасы болды, оның аясында кітаптар туралы бейнероликтер TikTok-та 56 миллионнан астам қаралым жинады. Жобаның мақсаты – қазақстандықтарды оқуға ынталандыру, өздері үшін және басқалар үшін жаңа әдебиеттерді ашу және кітап сүйер қауымды шығармашылық онлайн-қоғамдастық форматында біріктіру.

TikTok қысқа бейнероликтерді көруге және жасауға арналған жетекші платформа, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп көктемде іске қосылған #кітапток жобасын жалғастыруда. Тамыз айында платформа пайдаланушыларына өз бейнелерінде төрт әдеби тақырыптың бірін ашу ұсынылды. Пайдаланушылар кітап ұсыныстарымен, сүйікті шығармаларынан үзінділермен, кітап сатып алудағы шолуларымен, кітапқа қатысты жеке әңгімелерімен бөлісе алады және әдебиеттерді өздеріне ыңғайлы форматта талқылай алады. 

Жобаны музыкант AKIM @akimrah қолдады, ол жазылушыларымен жазғы оқуға арналған он қызықты кітаптың тізімімен бөлісті, ал орындаушы Baur Karbon @karbon.baur Рэй Бредберридің оны жаңа музыкалық трекке шабыттандырған екі кітабы туралы айтты.

@karbon.baur Делитесь своими рекомендациями книг на лето в комментариях или снимайте видосы с хештегом #кiтапток ♬ оригинальный звук - baur karbon

Ең үлкен виртуалды кітап клубы #кітапток 56 миллионнан астам қаралым жинады. Жобаның ауқымды қамтылуы қазақстандықтардың оқуға деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Науқанды еліміздің түкпір-түкпірінен қолданушылар, сондай-ақ танымал TikTok креаторлары және Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан өздерін шығармашылық жағынан ашқан 18 кітапхана қолдады: олар сирек кездесетін кітаптарға шолу жасап, виртуалды экскурсиялармен, тіпті ASMR кітаптарымен бөлісті.

TikTok-та пайдаланушылар сүйікті жанрдағы кітаптар туралы контентті көреді: мысалы, #поэзияқазақша хэштегі 143 миллион қаралым жинады, #современнаялитература хэштегі – 23 миллион қаралым, #классическаялитература – 40 миллион қаралым жинады. TikTok-та кітаптар туралы контент жасайтын қазақстандық авторлар белсенді дамып келеді: мысалы, @karinaloveslit, @booklibra және @aidanabooks – тың бейнелерін көргеннен кейін жаңа кітапты оқуға шабыт алмау мүмкін емес.

Қазақстандағы #кiтапток жобасы бүкіл әлем бойынша әдебиет сүйер қауымды біріктірген  #BookTok жаһандық мәдени феноменінен шабыт алды. Осы хэштегтің астындағы бейнелер TikTok – та 164 миллиардтан астам қаралым жинады. Роликтерде әртүрлі елдердің пайдаланушылары оқылған кітаптар туралы өз ұсыныстарымен және әсерлерімен бөліседі. #BookTok кітап индустриясына да әсерін тигізуде: бұл жазушыларға танымал болуға және кітаптарға бестселлер тізіміне енуге мүмкіндік береді. Адамдар TikTok шолуларына негізделген кітаптарды көбірек таңдайды.