TikTok әйелдердің сөзі өтетін орындардың біріне айналды. Күн сайын әлемнің түкпір-түкпірінен оқиғасы әртүрлі, түрлі буындағы және қызмет түрлері басқа миллиондаған әйел платформада өз оқиғаларымен, білімдерімен және шабытымен бөліседі. Олар пайдаланушыларға жаңа нәрсе ашуға, айналасындағы әлемнің сұлулығы мен әртүрлілігін көруге, ғылым, мәдениет, әдебиет, бизнес және т.б. туралы көбірек білуге көмектеседі. Мысалы, #WomenOfTikTok хэштегі бойынша 2,6 миллионнан астам жарияланым бар. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 720 мыңнан астам бейнелері бар #8марта хэштегі және 273 мыңнан астам бейнесі бар #WomensDay танымал.

Қазақстанда да көптеген талантты әйел контент-авторлары бар, олар пайдаланушыларға жаңа көкжиектер ашып, өз тәжірибелерімен және таланттарымен бөліседі. Мереке қарсаңында біз ақпараттық кеңістіктегі әйел дауысы - айналамыздағы шындықты өзгертуге, жүздеген мың адамға пайда әкелуге және шабыттандыруға қабілетті қуатты күш екенін дәлелдейтін қазақстандық 8 әйелді топтадық:

Ағартушылық миссия

Тізімге алғашқы болып Жетісу облысы Алакөл ауданы Достық кентінен шыққан орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ботагөз Омарова @botagozomarova2 енді, ол өз жазылмандарына қарапайым және қолжетімді түрде түсіндіру арқылы күрделі ережелерді түсінуге көмектеседі. Оның бейнелері оқу процесін шынайы әрі қызықты етіп, көрермендерін қызықтырады. 2023 жылы Ботагөз #Қазақстанмұғалімдері TikTok байқауының жеңімпаздарының бірі атанды, ал 2025 жылы TikTok-тың Discover List 2025 тізіміне кіріп, халықаралық мойындауды иеленді. Discover list - бұл TikTok пен оның қауымдастығына айтарлықтай әсер еткен әлемнің түкпір-түкпірінен - АҚШ-тан Австралияға, Жапониядан Оңтүстік Африкаға дейінгі платформаның 50 көрнекті креаторының тізімі. Ботагөз Омарованың Discover List-ке қосылуы қазақстандық оқытушылардың әлемдік деңгейде таныла алатынының жарқын мысалы, ал TikTok олардың кәсіби және шығармашылық тұрғыда өсіп, жалпы білім беруді танымал ету жолындағы қуатты құралы болып табылады.

Мәдениет пен дәстүр – көпшілікке

Әсел Бекжан, @assolyaa дәстүрлі техниканы қайта қарастырып, кілемдерде бірегей шедевр жасайтын суретші. Carpetart авторлық стилін қолдана отырып, түркі халықтарының ұлы тарихи және заманауи тұлғаларының бейнелерін тоқыма бұйымдарына аударады, яғни әр шығарманы нағыз мәдени кодқа айналдырады. Суретшінің ең әсерлі жобаларының бірі Ұлы дала патшайымдары мен амазонкалардан шабыттанған әйел бейнелерінің сериясы болды. Бұл жұмыстарда нәзік бөлшектер байқалады, ал кілем өрнектері фон ғана емес, көркемдік бейнелеудің бір бөлігіне айналады. Әселдің TikTok аккаунты - бұл бірегей картиналар галереясымен қатар оларды жасау процесіне көз жүгірту мүмкіндігі. Ол жазылмандарымен шығармашылық олжаларымен бөліседі, өнерді жеңіл әзілмен үйлестіре отырып, бөлшектер мен реңктердің қалай пайда болатынын көрсетеді. Оның бейнелері мыңдаған көрермендер үшін шабыт көзі болып табылады, бұл дәстүрлердің заманауи бола алатынын, ал өнердің әдеттегі форматтардан асып түсетінін дәлелдейді.

Өзін-өзі көрсету тәсілі

Стилист Аида Неко, @aida_neko адамдарға өз стилін табуға және өздерін сенімді сезінуге көмектеседі. Оның TikTok аккаунтында сіз киім арқылы өз ойын білдіруден қорықпауға үйрететін трендтік шолуларды, келбетке қатысты кеңестерді және сән эксперименттерін таба аласыз. Аида заттарды біріктіруді, шкафтан стильді шешімдер табуды және сән трендтерін шынайы өмірге бейімдеуді үйретеді. Оның мазмұнында жеңілдік, шығармашылық және шабыт бар, соның арқасында гардеробтағы таныс заттар жаңа түстермен ойнай бастайды. Жазылмандар оған тек трендтер үшін емес, өз стилін түсіну, базаны дұрыс таңдау және сұлулықты тіпті қарапайым бөлшектерден көру үшін келеді. Оның TikTok-ы — бұл сән қол жетімді, ал стиль - жеке тұлғаның көрінісі болатын кеңістік.

Кітаптарға деген сүйіспеншілік

TikTok-та @aisha.bookpies деген атпен танымал Айша Байділдаева әдебиетті жақындатып, мыңдаған адамдарды жаңа кітаптарды ашуға шабыттандырады. Оның аккаунты ұсыныстар ғана емес, оқу процесі қызықты саяхатқа айналатын бүкіл әлем. Осының арқасында креатор қысқа әрі креативті роликтер платформасының жыл қорытындысы бойынша #Китапток номинациясында жеңімпаз атанды. Айша өз парақшасында кітап әуесқойлары қауымдастығын жинай алды, онда жаңалықтар талқыланады, әсерлерімен бөліседі және оқу тізіміне қосуға тұрарлық туындыларды табады. Оның мазмұны әртүрлі форматтармен ерекшеленеді: адал шолулар, тақырыптық таңдаулар, әдеби трендтерді талқылау және тіпті арнайы оқу әдістері қамтылған. Әрбір бейнеролигі - кітаптарға жаңа көзқараспен қарау және ұзақ уақыт бойы есте қалатын оқиғаны табу мүмкіндігі. Оқуға уақыт табу қиын әлемде Айша әдебиетті күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналдырады және жақсы кітап әрқашан өзіңе салынған ең жақсы инвестиция екенін дәлелдейді.

Бұлттарды бағындыру

TikTok-та @kami_stewardess деген атпен танымал Кәмшат Үмбетжанова авиацияны ішінен, яғни бортсеріктер көзімен көрсетеді. Оның роликтері романтикаға толы мамандықтың сахна артына қарап, стюардессаның тамаша күлімсіреуінің, экипаждың жақсы жұмысының және борттағы мінсіз қызметтің артында не жатқанын білуге мүмкіндік береді. Жолаушыларға арналған тамақтар қалай жүктеледі? Жабдықты ұшу алдында қалай тексереді? Түнгі рейстерде не болады? Бұл сұрақтардың жауаптарын Кәмшаттың TikTok-ынан табуға болады. Ол мифтерді жоққа шығарып, нақты оқиғалармен бөліседі. Сондай-ақ оның мазмұны жұмыс сәттері туралы ғана емес, авиациядағы мансапты армандайтындар үшін мотивация беру туралы. Кәмшат бұл салаға келу үшін қандай дағдылар мен қасиеттер қажеттілігін және стюардесса мамандығында шынымен не маңызды екенін айтады. Оның арқасында көрермендер авиацияны басқаша көре алады, 10.000 метр биіктікте жұмыс қалай жүретінін біледі және Кәмшат сүйетін аспанға ғашық бола алады.

Музыка терапиясы

Жанель Саламатова, @zhanelya.salamatova TikTok-ты әлемдік хиттер, классика мен таңқаларлық саундтректер орындалатын виртуалды музыкалық сахнаға айналдырады. Дарынды виолончелист көрермендердің ең шынайы эмоцияларын тудыратын шығармаларды орындайды. Оның музыкасы түрлі буындарды біріктіріп, түрлі жанр жанкүйерлерінің жүректеріне жол табады. «Мальчики краше цветов» корей культтік телехикаясының саундтрегі, уақыт пен ғарыш туралы фантастикалық драма «Интерстеллар» фильміндегі аңызға айналған әуен - осынау композициялар оның орындауында жүректерді жаулайды. Жанельдің репертуарында сондай-ақ виолончельдің терең дыбысталуынан одан да атмосфералық естілетін қазақстандық орындаушылар әндерінің кавер-нұсқалары бар. Жанельдің контенті - қысқа бейне форматындағы нағыз өнер. Ол әйгілі композицияларды орындаумен бірге музыка арқылы тарихты, сезімді және атмосфераны жеткізеді. Оның роликтері - бұл шулы цифрлық әлемдегі ашылу мен шабыттану сәті, әрбір шығарманы бірінші рет естігендей әсерде қаласың.

Саяхат өмір салты ретінде

Тревел-креатор Жұлдыз Рахмет, @zhuldyz_rakhmet, TikTok өткізген жыл қорытындысы бойынша "Қазақстан бойынша гид" номинациясының жеңімпазы атанды. Жұлдыз - журналист, зерттеуші және Қазақстанды мыңдаған көрермендерге жақын әрі қолжетімді еткен әуесқой саяхатшы. Жұлдыз өзінің атмосфералық роликтерінде әйгілі көрікті жерлермен қатар туристердің көбі біле бермейтін елдегі ерекше орындар жайлы да әңгімелейді. Оның мазмұны - бұл жай ғана жол жазбалары емес, Қазақстанның түрлі өңірлерінің дәстүріне, мәдениеті мен тарихына шынайы үңілу.

Өткеннің құпияларын ашу

@r.m.shugga - археологияны керемет көрініске айналдыратын бірегей креатор. Ол ежелгі артефактілерді көрсететін және өткеннің құпияларын ашатын шынайы қазба жұмыстарының бейнелерімен бөліседі. Оның мазмұны тарихқа қызығушылық танытқандар үшін нағыз олжа. Әр бейнероликте көрермендер ежелгі өркениет іздерінің бірінен кейін бірі ашылғанын көріп, археологтардың жұмыс барысымен танысады және ғылыми жаңалықтарға деген құштарлығын баса алады.