Января 29, 2026Новости

Нәтиже әкелетін креатив: TikTok-тағы бизнестің 2025 жылғықорытындылары

TikTok Қазақстандағы брендтер үшін жыл қорытындыларын және 2025 жылы платформа арқылыелеулі нәтижелерге қол жеткізген негізгі жарнамалық науқандарды ұсынды.

2025 жылғы TikTok пен бизнес: не тиімді және неліктен

TikTok-тың бизнес үшін тиімділігі жарнамалық контентті ұсынымдар лентасына табиғи түрде енгізу мүмкіндігіментікелей байланысты. TikTok зерттеулерінің деректерінесәйкес (1), платформаны сатып алу жолының бір бөлігіретінде пайдаланатын қолданушылар сатып алуға 1,2 есекөп қаражат жұмсайды. Бұл ретте, аудиторияның 80%-ы басқа платформалармен салыстырғанда TikTok-тағыжарнамалық контентті анағұрлым ашық қабылдайды (2).

What’s Next 2025 Trend Report (3) есебінде тіркелген 2025 жылғы трендтер брендтердің креаторлармен бірлесіп контент жасауға көбірек бет бұрып жатқанын, сондай-ақ аудитория қызығушылықтарына жедел бейімделуге мүмкіндік беретін генеративті жасанды интеллектке негізделген құралдардың белсенді қолданылып отырғанын көрсетеді.

Қазақстанда TikTok шағын және орта бизнес сегментін қоса алғанда, түрлі салалардағы компаниялар үшін бизнесті дамытудың тұрақты құралына айналды. TikTok пен «Атамекен» ҰКП жүргізген зерттеуге сәйкес (4), елдегі әрбір сегізінші бизнес табысының 50%-дан астамын осы платформа арқылы табады. Он жылдан аса жұмыс істеп келе жатқан ШОБ өкілдерінің 52%-дан астамы платформаны кемінде аптасына бір рет пайдаланады.Апта сайын TikTok қолданатын кәсіпкерлердің әрбір сегізіншісі табысының жартысынан астамы платформадағы белсенділік нәтижесінде қалыптасатынын атап өткен. Сонымен қатар, компаниялардың 80%-дан астамы TikTok-тың жаңа клиенттер тартуға әсерін, 79%-ы клиенттерді ұстап қалуға ықпалын, ал 71%-ы бәсекелестік артықшылықты күшейтуге септігін тигізетінін атап өтті.

2025 жылғы TikTok-тағы ең әсерліжарнамалық науқандар

Креатив — нәтижеге жетелейтін басты драйвер

2025 жылғы брендтер тәжірибесі TikTok-тағы жарнамалық науқанның табысы көбіне бюджет көлеміне емес, креатив сапасына байланысты екенін көрсетті.

Dodo Pizza: Креаторлар қосымшаны жүктеу санын қалай арттырды

Қосымшаны жүктеу көлемін арттыру мақсатында Dodo Pizza пиццериялар желісі креаторлар дайындаған нативті видеоларға басымдық берді. Брендтерді шығармашылық серіктестер экожүйесімен байланыстыратын TikTok Creative Exchange платформасының көмегімен компания өз брендін нативті контентке табиғи түрде енгізе алды. Контент ұсынымдар лентасында үйлесімді көрініп, пайдаланушыларды тікелей жарнамалық шақыруларсыз қосымшаны жүктеуге ынталандырды. Нәтижесінде, қосымшаны жүктеу құны 20%-ға төмендеді.

Aster Auto: Аз ресурспен - көбірек видео

Aster Auto ірі дилерлік орталықтар желісі әлеуетті сатып алушылар тарапынан өтінімдер санын арттыруды көздеді.Алайда брендтің үнемі көп көлемде жаңа видео түсіруге мүмкіндігі болмады. Осыған байланысты Aster Auto компаниясы TikTok Symphony — платформаның пішімі мен стиліне бейімделген видеоларды жылдам жасауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект құралын пайдаланды. Сонымен қатар, жекелендірілген музыкалық сүйемелдеу үшін GenAI Music қызметін қолданды.

Бұл брендке лентада тұрақты түрде көрініп, OMODA жәнеJAECOO брендтерінің серпінділігін көрсетуге мүмкіндік берді. Науқан нәтижесінде сайтқа өту саны 30%-ға артты, ал клиент тартуға жұмсалатын шығындар 40%-ға қысқарды.

Borjomi: Брендпен эмоционалдық байланысты нығайту

Borjomi-дің TikTok платформасындағы науқаны аясында бірге тамақтану мәдениетіне негізделген гастрономиялық сценарийлерге интеграцияланды: отбасылық түскі ас, үйде қонақ күту және достармен мейрамханада кездесу. Креативтер Borjomi-ді food pairing тәжірибесінің табиғи бөлігі ретінде көрсетті — тағамды толықтыратын, дәмін аша түсетін және гастрономиялық ләззатпен бөлісетін сәттерді сүйемелдейтін сусын ретінде.

Науқан тиімділігі TikTok-тағы Brand Lift құралы арқылы бағаланды — бұл құрал коммуникацияның брендті қабылдау мен таңдау кезіндегі артықшылыққа қалай әсер ететінін өлшеуге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері бойынша брендке деген оң көзқарас деңгейі 2%-ға, ал Borjomi-ді таңдау ниеті 3,4%-ға артты. Бұл гастрономиялық позициялаудың өзектілігін және аудиторияның эмоционалдық реакциясын растады. Сондай-ақ кампания жоғары қамту мен пайдаланушылардың қызығушылығын көрсетті: контент шамамен 29 миллион рет көрсетілді.

Сатылым көлемінің артуы және науқандарды автоматтандыру

TikTok — брендтердің танымалдылығын арттырып, аудиторияның белсенділігін күшейтумен қатар, сатылым өсімі сияқты нақты бизнес-міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік беретін платформа.

Pandora: Қызығушылықтан бір шерту арқылы сатып алуға дейін

Әлемге әйгілі Pandora зергерлік бұйымдар бренді жарнама тиімділігін арттыру және онлайн сатуды ұлғайту мақсатын қойды. Осы міндеттерді орындау үшін компания TikTok платформасындағы генеративті жасанды интеллектке негізделген Smart+ құралын пайдаланды. Бұл құрал жарнамалық креативтердің көптеген нұсқасын автоматты түрде жасап, сынауға, сондай-ақ жарнаманы көрсету үшін ең релевантты аудитория мен оңтайлы уақытты анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пайдаланушылардың қызығушылықтарына сай нақты зергерлік бұйымдарды көрсетуге мүмкіндік беретін Catalog Ads функциясы да іске қосылды. Нәтижесінде сайтқа өтусаны шамамен 4,5 есеге артты, ал клиент тарту құны 66%-ға төмендеді.

OMODA: Нақты сатылымдарға арналған ақылды жарнама

OMODA — ең ірі автомобиль брендтерінің бірі - жарнаманы оңтайландыру және ең релевантты аудиториямен жұмыс істеу үшін Smart+ құралын енгізді. Науқан нәтижесінде сайтқа өту саны 17%-ға артты, ал олардың құны 40%-ға төмендеді.

Аз шығын — үлкен нәтиже: GAC кейсі

Қытайдың жетекші автомобиль өндірушілерінің бірі GAC ең тиімді форматтар мен аудиторияларға бағытталған жарнама шығындарын бақылау үшін Smart+ пен Cost Cap функциясын қолданды. Нәтижесінде сайтқа өту құны шамамен 30%-ға, жарнаманы көрсету құны 20%-дан астамға төмендеді. Бұл аз шығынмен көбірек қызығушылық танытатын пайдаланушыларды қамтуғамүмкіндік берді.


(1) TikTok Marketing Science Türkiye, TikTok Made Me Research Project, IPSOS 2023; TikTok Marketing Science, Post Purchase Analysis, Fairing 2022

(2)TikTok Market Science MENA, TikTok Q4 Research Project, IPSOS 2024–25; TikTok Market Science MENA, TikTok Made Me Research Project, IPSOS 2023

(3) What’s Next 2025 Trend Report

(4) Исследование о роли TikTok в развитии малого и среднего бизнеса Казахстана