TikTok қысқа бейнероликтерді қарауға және жасауға арналған жетекші платформа ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Kazakh Tourism ұлттық компаниясымен бірлесе отырып #TravelKazakhstan республикалық науқанның қорытындыларын шығарды. Атақты адамдар мен танымал контент авторлары кәсіби гидтермен бірге Қазақстанның үш өңірінен тікелей эфирлер өткізді, ал пайдаланушылар өз елінің сүйікті орындары мен туристік әлеуеті туралы әңгімелейтін қысқа бейнероликтер жасады. Сондай-ақ, жоба жеңімпаздары - ең жарқын бейнероликтердің авторлары – анықталды, олар бағалы сыйлықтарға ие болды және Kazakh Tourism компаниясының TikTok-тегі аккаунтының жүргізушілері ретінде таңдалды. 

TikTok-бұл ойын-сауық алаңы ғана емес: мұнда әркім айналасындағы әлемді аша алады, виртуалды саяхатқа барады немесе сапарлардан өзінің бейне жазбаларын бөлісе алады. Саяхат тақырыбы — TikTok қауымдастығы арасында ең сүйікті тақырыптардың бірі: әлемнің түкпір-түкпірінен келген пайдаланушылар 87 миллиардтан астам көріністі жинаған #travel хэштегі бойынша қысқа бейнелерде өз тәжірибелері мен ұсыныстарымен бөліседі.                                           

#TravelKazakhstan науқаны TikTok пен «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ның алғашқы бірлескен бастамасы болып, қазақстандықтарды өз елін қайта ашуға және оның сұлулығын қысқа бейнероликтер форматында платформаның миллиондаған аудиториясымен бөлісуге шабыттандырды. 

Жиырма күн ішінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген пайдаланушылар ел бойынша саяхат туралы кеңестері бар креативті және танымдық роликтер жасап, жариялады, ұлттық тағамдардың ұсыныстарымен бөлісті, ең әдемі жерлерді көрсетті: ЮНЕСКО тізіміне енген ұлттық табиғи парктер мен дала, тарихи орындар, сәулет және табиғи ескерткіштер, қызықты қалалық орындар және т. б. тағы басқалар.

Пайдаланушылар барлығы 2800-ден астам бейнероликтер жариялады, ал #TravelKazakhstan хэштегімен жарияланған барлық бейнеролик қаралымдарының жалпы саны 11 миллионнан асады.

Талғат Аманбаев, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы:

«Біз қазақстандықтардың өз елінің көрікті жерлері туралы жақсы білуі, оларды мақтан тұтуы және олар туралы бүкіл әлемге айтуға мүмкіндігі болуы үшін жұмыс істейміз. Қазақстанда таулардан, ормандардан, даладан, Маңғыстаудың ғарыштық ландшафттарына дейін барлығы бар мұнда өз тілі мен дәстүрін сақтаған жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Біздің TikTok платформасымен бірлескен жобамыз еліміздің туристік бағыттары туралы пайдаланушы жасаған контентті ынталандыруға мүмкіндік берді. TikTok-бұл белсенді және креативті адамдарды тартуға, сонымен қатар туризм мен саяхат туралы контентті танымал етуге арналған тамаша алаң. #TravelKazakhstan науқанының нәтижелері біздің күткенімізден асып түсті және біз ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттіміз».

Надежда Лапина, TikTok аға операциялық менеджері:

«Қазақстан - өзінің табиғи сұлулығына, мәдени мұрасына, керемет дарынды және шығармашыл адамдарына бай ел. Біздің Kazakh Tourism науқанының арқасында бүкіл әлем бойынша көптеген адамдар Қазақстанды маңызды және қызықты туристік бағыт ретінде көрді, ал қазақстандықтардың өздері өз елі бойынша көбірек саяхаттауға және TikTok-та ұсынымдарымен бөлісуге шабыт алды деп үміттенемін. Жобаға пайдаланушылардың көптеп тартылуы Қазақстандағы ішкі туризм тақырыбына үлкен қызығушылық танытады. Біз бұл бағытты қолдауды жалғастыруды жоспарлап отырмыз және TikTok-та тревел-контенттің жаңа авторларын көруге қуаныштымыз».

Жобаға қатысқан барлық пайдаланушылар арасында ең креативті бейнероликтер жасаған үш жеңімпаздың есімдері анықталды. Марапат ретінде авторлар DJI Mini2 квадрокоптерлеріне ие болады, ал алғашқы екі жүлделі орын иегерлері TikTok-та Kazakh Tourism ресми аккаунтының жетекшісі бола алады.

Бірінші орынды @travelove100  Әсет Мырзабаев иеленді. Жұбайы Мұхаббатпен бірге Әсет туған Қазақстанға, сондай-ақ әлемнің басқа елдеріне саяхат туралы бейнероликтер жасайды, осылайша 450 мыңнан астам жазылушыны тартады. #TravelKazakhstan аясында Әсет алты-бақанның не екенін айтып, Іле-Алатау ұлттық паркіндегі заманауи визит-орталықты көрсетті, қазақстандық Швейцарияны көрсетті, Қайыңды көлінің түрлерімен құс ұшатын биіктіктен бөлісті.

Екінші орынды @sayahatshy Айгерім Телбасы иеленді. Әйгерім небәрі 21 жаста, бірақ ол өзін тревел-инфлюенсер ретінде таныта білді және Қазақстанның ең әдемі туристік орындары — Бозжыра шатқалы, Қайыңды көлі туралы түрлі-түсті бейнелер түсіріп үлгерді. Ол сондай-ақ ежелгі Түркістан туралы шағын фильм түсіріп, Алматы маңындағы Ассы үстіртіне қалай жетуге болатынын егжей-тегжейлі айтып, Каспий теңізіндегі күннің батуын көрсетті.

Үшінші орынды @zhakibjj  Азамат Жақиянов иеленді. Автор бейнероликтер түсіріп, өзі туған өлкесінің тарихын баяндайтын гид ретінде әрекет етеді. #TravelKazakhstan жобасы аясында Азамат қазақтардың рухани астанасы — Ұлытауды аралап, даланың сұлулығын және Жошы хан кесенесін көрсетті.

Жоба аясында еліміздің үш өңірінен тікелей эфирлер өтті, оларды 35 мыңнан астам адам қарады. Музыкант, актер және шоумен Әнуар Нұрпейісов Қазақстанның басты мегаполисі — Алматы қаласы бойынша Медеу мұз айдынында және Шымбұлақта денсаулық ізімен экскурсия өткізді. Гид Мұхтар Тойбазаров нағыз TikTok жұлдызы, химия пәнінің мұғалімі @wannabeteacher Ұлан Үсеновпен бірге платформаның қоғамдастығы үшін Өскемен бойынша гастротур өткізді: заманауи қазақ тағамдарының құпиялары туралы айтып, ұлттық тағамдарды дайындау бойынша мастер-класстар өткізді. Гид Дина Шериязданова кәсіпкер және спортшы  @ drugoi.ty  Валихан Тенмен еліміздің оңтүстігінен, ежелгі Түркістан қаласынан тікелей эфир жүргізді. Турдың бағыты археологиялық қазба жұмыстары арқылы өтіп, Ахмет Яссауи кесенесінде аяқталды.