TikTok қысқа бейнероликтерді көруге және жасауға арналған жетекші платформа Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп #УчителяКазахстана байқауының қорытындысын шығарды. 6 қазаннан 1 желтоқсанға дейін еліміздің түкпір-түкпіріндегі мұғалімдер үш номинацияның бірінде жеңіске жету үшін күресіп, өз пәні бойынша танымдық бейнероликтер түсіріп, TikTok-та жариялады.

TikTok платформаның мүмкіндіктерін ашатын және  миллиондаған адамдармен білімімен бөлісетін Қазақстан оқытушылары арасында барған сайын танымал бола түсуде: қысқа бейнеролик форматы кез келген пайдалы ақпаратты қызықты және креативті түрде жеткізуге мүмкіндік береді. #УчителяКазахстана мен #ҚазақстанМұғалімдері хэштегтерімен жарияланған бейнероликтер 190 млн-нан астам рет қаралды - бұл TikTok-тың қазақстандық сегментіндегі бір жылдағы ең танымал хэштегтердің бірі. Оқытушылар күнделікті мектеп өмірі тақырыбындағы көріністерден бастап математика, қазақ тілі, информатика және басқа да пәндер бойынша пайдалы лайфхактар сияқты түрлі роликтермен бөлісті.

Байқаудың ресми амбассадорлары TikTok-та танылған мұғалімдер болды: миллион жазылушысы бар, Қазақстандағы ең танымал автор-ұстаз Ұлан Үсенов @wannabeteacher, жас математик Данияр Сеңгірбай @aks.dani және Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі мұғалімдер тобын біріктіретін @jump2mars білім беру жобасы. Олар қатысушыларды креативке шабыттандырды және байқауға қатысуға шақырды, сондай-ақ ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылған арнайы вебинарда үш жүз мұғаліммен өз тәжірибелерімен бөлісті.

"Құрметті ұстаздар, сіздерді лайықты жеңістеріңізбен құттықтаймын! Әлеуметтік желілердегі бейнероликтер арқылы балаларды оқытудағы ерекше тәсіл үшін алғысымды білдіремін. Сіз өзіңіздің дарындылығыңыз бен шығармашылығыңызды көрсетесіз және сіздің пәніңізді білім алушылар үшін қызықты әрі танымды етесіз. Біздің елімізде әлеуметтік желілерді өз пәнін насихаттау үшін қолданатын көптеген педагогтар бар. Осының арқасында еліміздің кез келген жерінде орналасқан балалар онлайн-форматта жаңа білім алады. TikTok жетекші платформасының өкілдері біздің педагогтардың бастамаларын бағалап, қазақстандық мұғалімдер үшін байқаулар ұйымдастыратыны қуантады. Бұл TikTok алаңында білім беру контентін бірлесіп ілгерілету үшін қосымша ынталандыру болып табылады", - деп атап өтті Қазақстанның Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Қатысушылар үш ерекше номинация бойынша бақ сынасты:

•                    "Ең креативті мұғалім" номинациясындағы жеңіс белгілі бір тақырыпты қысқаша, түсінікті және креативті түрде түсіндіре алған авторға беріледі. Жеңіс жас математика мұғалімі Хасен Мұхамади @mobius_math берілді, ол қарапайым мысалдармен күрделі математикалық есептерді қалай шешуге болатынын айтады. Оның аккаунтында көптеген пайдалы лайфхактарды табуға болады, ал тапсырмалардың бірін түсіндіру үшін автор тіпті танымал қазақстандық Ninety One бойзбендінің қатысушыларын пайдаланды.

"TikTok-бұл кез-келген адам өзінің кәсібі мен тәжірибесіне қарамастан танымал бола алатын және өз аудиториясын таба алатын орын. Байқауға қатыса отырып, мен аудиторияның реакциясын бақылап, платформада көрген жаңа үрдістерді қолдандым. Мұның бәрі маған аккаунтты тез дамытуға және жаңа жазылушыларды тартуға көмектесті. Егер сіз жаңа нәрсені көргіңіз келсе немесе шығармашылық қабілетіңізді ашқыңыз келсе-TikTok-қа кіріңіз, бұл сізге арналған алаң!"

•                    "Жаңа мұғалім" атағын аккаунты байқау өткізу кезеңінде ең көп қаралымға ие болған оқытушы алады. Жеңімпаз математика пәнінің мұғалімі Бекболат Комолов @the_bekbolat01 болды, оның роликтерінің негізгі бөлігі мектеп бағдарламасын талдауға арналған. Бекболат сонымен қатар математикалық теңдеулерді шешу үшін пайдаланушылармен әртүрлі лайфхактармен бөліседі және контентін логикаға қызықты есептермен ерекшелендіреді, бұл оған қысқа мерзімде қоғамдастықтың назарын аударуға көмектесті. Бір айдың ішінде мұғалімнің роликтерін қарау саны он есе өсіп, 800 мың белгісінен асып түсті,