TikTok әлемнің түкпір-түкпіріндегі дарынды контент жасаушыларға өз шығармашылықтарымен бөлісуге мүмкіндік бере отырып, жалпы креативті индустрияның дамуына ықпал етеді. Әлемнің әр шалғайындағы қолданушылар шығармашылық салалардағы, соның ішінде кинематографиядағы ұсыныстар мен трендтерді іздеу үшін TikTok-қа келеді. Ал шығармашылығын енді бастаған таланттар мен кәсіби мамандар миллиардтаған аудиторияға өздерін таныстырып, жұмыстарын көрсету мүмкіндігіне ие болады. Тек өткен жылдың өзінде TikTok желісінде #whattowatch хэштегінің көмегімен фильмдер туралы ұсыныстары бар контентті көру 25%-ға өсті, ал #кино хэштегі арқылы қазірдің өзінде 1,8 миллионнан астам бейнебаян жасалды.
TikTok шығармашылық салаларға оң әсер ететін платформа ретінде Қазақстанда креативті индустрияның қызметін ынталандыруға ұмтылып отыр. Платформаның осы бағыттағы алғашқы бастамасы 2022 жылы #ТикТокКиноАкадемиясы болса – яғни, режиссер Тимур Бекмамбетовпен серіктестікте жүзеге асқан қысқаметражды көркем фильмдер байқауы еді. Жоба еліміздің түкпір-түкпіріндегі авторларды 6 мыңнан астам бейнеролик жасауға шабыттандырды.
TikTok дарынды контент жасаушыларды дамытуға инвестиция салуды жалғастыра бермек. Осылайша, платформа Канн кинофестивалінің @festivaldecannes ресми серіктесі болып отыр және осымен үшінші жыл қатарынан жаһандық #TikTokShortFilm байқауына бастамашы болды. Биыл оған 55 елден астам ел қатысса, оның ішінде Қазақстан да бар. Қолданушыларға байқау шартарына сай, бастама хештегі бойынша ұзақты бір минуттан астам түпнұсқадағы тікелей бейнебаян жариялау қажет болды.
#TikTokShortFilm жеңімпаздары – «Бас жүлде», «Үздік сценарий», «Үздік режиссер» деген үш номинация бойынша әйгілі кинофестиваль бағдарламасынан тыс, Канн қаласында (Франция) өтетін арнайы салтанатты оқиға барысында жарияланады.«Бас жүлде» номинациясының жеңімпазы 10 000 евро көлеміндегі ақшалай сыйлық, ал қалған екі номинация жеңімпаздары өздерінің болашақ шығармашылық жұмыстарын іске асыруға қолдау ретінде 5000 евро алады.
Қазақстандағы қысқаметражды бейнефильмдер байқауының қорытындысы
Сонымен қатар TikTok биыл Қазақстан үшін арнайы, бөлек қысқа бейнефильмдер байқауын ұйымдастырды. Жергілікті байқау Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтті.
Елдің әр өңіріндегі креаторлар өз өмірлеріндегі оқиғалар туралы видео-суреттемелер түсірді, күнделікті оқиғаларды дерекке айналдырып, түпнұсқаның аяқталулары туралы сынақтар жүргізіп, кино призмасы арқылы нақты оқиғаларға қатысты көзқарастарын көрсете отырып, шығармашылыққа деген ерекше қадамдарымен бөлісті.
Қазақстандағы конкурсқа жіберілген барлық өтінімдердің ішінен әр номинация бойынша төмендегі жеңімпаздар таңдалды:
- «Қазақстандағы үздік фильм»: автор @monaalemi-дің музыка қалай адамдардың өмірін сұлулыққа бөлейтіні туралы қысқа фильмі жеңімпаз атанды.
- «Қазақ тіліндегі үздік фильм»: автор @karlygash_telearnasy-дің өз отбасының жантебірентерлік қысқаметражды тарихы жеңді.
Қазақстандағы қысқа фильмдер байқауының жүлделі авторлары сыйлық ретінде үш күндік сапарға – Францияда өтетін 77-ші Канн кинофестивалінің салтанатты түрде жабылатын марапаттау рәсіміне қатысу мүмкіндігіне ие болады.