TikTok адамдар шығармашылықпен айналысып, бірігіп, көңіл-күйлерін көтеріп және жаңа дүниелерден хабардар болуы үшін қауіпсіз әрі ынтымақты орта құруға ұмтылады. TikTok платформадағы осындай ахуалды қолдау мақсатында Қауымдастық Ережесін бұзатын нақты контент анықтап, қарап және шара қабылдау үшін инновациялық технологиялар мен командаларды үйлестіре отырып қолданады. Ережелер барлық TikTok пайдаланушылары үшін жалпы мінез-құлық кодексі болып табылады және платформадағы барлық мазмұнға қолданылады. Мәселен, мұндай саясаттар жастардың қауіпсіздігі мен игілігі, ересектерге арналған тақырыптар, ақпараттың шынайылығы, ұсыныстар арнасын қабылдау стандарттары сынды басқа тақырыптық салалар бойынша ұйымдастырылған және әр бөлімде қолданушылар рұқсат етілген мазмұн бойынша анықтамаларды, түсініктемелерді мен нақты мысалдары бар қосымша ақпараттарды ала алады. Қазіргі таңда әлем бойынша TikTok-та қолданушылардың қауіпсіздігіне 40 мыңнан астам адам жұмыс істеп отыр.
TikTokтың мазмұнды модерациялау тәсілі төрт тіректен тұрады:
- Ережелерге қайшы келетін контенттерді платформадан жою
- Ересектерге арналған мазмұнды тек ересек пайдаланушылар (18 жас және одан жоғары) көре алатындай жас шектеуі.
- Ұсыныстар арнасы үшін мазмұнды қабылдау стандарттарын сақтау.
- Қауымдастыққа ақпараттар, пайдалы құралдар мен ресурстар ұсыну.
TikTok өз қауымдастығы алдында ашықтықтық пен есеп беруді қамтамасыз етіп отыру мақсатында жойылған бейнероликтер мен есептік жазбалар туралы ақпаратты ұдайы жариялайды. Бұл ақпарат платформадан жойылған мазмұнның көлемі мен сипаты туралы ақпарат беретін Қауымдастық Ережелерін сақтауды қамтамасыз ету есептері арқылы тоқсан сайын ашылады.
Соңғы Қауымдастық ережелерін сақтауды қамтамасыз ету есебіне сәйкес, 2023 жылдың екінші тоқсанында:
- Қауымдастық ережесін бұзғаны үшін бүкіл әлемде 106.476.032 бейнеролик жойылды.
- Бейнебаяндардың 96,5%-ы белсенді түрде жойылды.
- Белсенді түрде жою дегеніміз – бейнебаяндар жарияланбай және оған шағым түспей тұрып өшіру дегенді білдіреді.
- Бейнероликтердің 90,8%-ы олар жарияланғаннан кейін 24 сағат ішінде жойылды.
Осы аралықта Қазақстанда:
- Қауымдастық ережелерін бұзғаны үшін барлығы 950.247 бейнеролик жойылды.
- Платформа барлық жойылған бейнероликтердің 96,1%-ын белсенді түрде өшірді.
- Қазақстанда бейнебаяндардың 88,2%-ы олар жарияланғаннан кейін 24 сағат ішінде жойылды.
Жеткіншек жастағы қолданушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
TikTok-тың абсолютті басымдығы - қауымдастықтың қауіпсіздігі мен қоса платформаның ең жас пайдаланушыларына ерекше назар аудару. Бәрінен де бұрын, TikTok – бұл тек 13 және одан жоғары жастағы қолданушыларға арналған платформа: мұнда жаңа қолданушыдан туған күнін, жылын толық көрсетуді талап ететін тіркеу формасы бар. Мұнан да бөлек, платформаның модераторлар командасы есептік жазбалар 13 жасқа толмаған балаға тиесілі болуы мүмкін белгілерді байқауға үйретілген. Егер қауіпсіздік командасы тіркелгі кішкентай балаға тиесілі деп есептесе, онда ол бұғатталады.
TikTok 13 лет жасқа толмауына байланысты жойылған тіркелгілердің санын ашық түрде көпшілікке жариялаған ең алғашқы ірі платформа. Осылайша 2023 жылдың екінші тоқсанында бүкіл әлем бойынша 13 жасқа толмаған қолданушылардың 18.823.040 есептік жазбалары жойылды. Сондай-ақ платформа 18 жасқа толмаған қолданушылар үшін TikTok-тағы тәжірибесі барынша қауіпсіз әрі жасына сәйкес болуын кепілдендіру мақсатында көптеген шектеулер енгізді. Мысалы:
- Әдепкіде 16 жасқа толмағандарға арналған тіркелгілер жеке болып табылады;
- 16 жасқа толмаған қолданушылар жариялаған бейнебаяндарды жүктеуге болмайды;
- TikTok жеке хабар алмасу қызметі 16 жастан асқан немесе одан жоғары тіркелген тіркелгі иелеріне ғана қолжетімді;
- Тікелей хабарларды 18 жастан асқан және одан үлкендер ғана жүргізе алады;
- Тек 18 жастан асқан қолданушылар ғана виртуалды сыйлықтарды сатып ала алады, жібереді немесе қабылдай алады.
Ата-аналары жеткіншектерге қалай көмектесе алады
TikTok жас қолданушылардың цифрлы игілігін қамтамасыз етуге айтарлықтай күш жұмсап отырған кезеңде, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында ата-аналардың рөлі де аса маңызды. Жаңадан бастағандар үшін TikTok қолданбалар дүкендерінде 12+ деген рейтингке ие және кез келген ата-ана пайдаланушының жасына сәйкес келмейтін қосымшалардың жүктелуіне жол бермеу үшін, смартфонда қолжетімді ата-ана бақылауы кіріктірілген құралдарды пайдалана алады.
Сонымен бірге TikTok жасөспірімдердің барша ата-аналарына "Отбасылық баптаулар" ата-аналық бақылаудың арнайы қызметін пайдалануды ұсынады. Бұл қызмет ата-аналарға жасөспірімдердің TikTok-ты қолдану параметрлерін баптауға мүмкіндік береді. Ересек адам өз есептік жазбасын 13 жастағы немесе одан үлкен баланың есептік жазбасымен байланыстыру арқылы төмендегі мәселелерді шеше алады:
- TikTok-ты пайдалану үшін күндізгі шектеулерді орнатып, жасөспірім push-хабарландырулар ала алмау уақытын шешу.
- Қауіпсіздік режимін пайдалану арқылы жасөспірімнің орынсыз немесе жасына сәйкес келмеуі мүмкін мазмұнға қол жеткізуін шектеу.
- Жасөспірімнің есептік жазбасы жеке немесе ашық болатынын анықтау.
- Жасөспірімге біреулердің хабарлама жіберу мүмкіндігін шектеңіз немесе хабар алмасу мүмкіндігін толығымен өшіру.
- Сіздің жеткіншегіңіздің бейнебаянына кім пікір жаза алатынын анықтау.
Мұнан да бөлек, «Отбасылық баптауларға» арналған кілт сөзді сүзгілеудің жаңа қызметі ата-аналарға жасөспірімдердің жасына сәйкес келмейтін мазмұнды көруіне жол бермеу үшін арнайы кілт сөздерді анықтау мүмкіндігін береді.
TikTok ата-аналарды жасөспірімдердің қосымшаны пайдалану тәжірибесін барынша жағымды етуіне көмектесу үшін "Отбасылық баптауларды" пайдалануға шақырады. Алайда "Отбасылық баптаулар" жасөспірімдердің жеке құпиясын қамтамасыз ету мақсатында, ата-аналарға олардың жеке хабарларын немесе жасөспірімдер көрген бейнебаяндар тарихын көруге рұқсат бермейтінін атап өту маңызды.
Цифрлы игілік
Платформа қолданушыларға TikTok-ты пайдалануға олардың қанша уақыт жұмсайтынын, сондай-ақ барша аудиторияға сәйкес келмейтін мазмұнды шектеуге және жақсырақ түсініп, бақылауға көмектесетін көптеген құралдар мен ресурстарды ұсынады:
Күнделікті экран уақыты – қолданушыға күн сайын TikTok-та қанша уақыт өткізгісі келетінін шешуге мүмкіндік беретін қызмет. 13 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін бұл әдепкі параметр бойынша1 сағатқа тең.
Экран уақыты жолағы – қолданушыларға TikTok-ты қанша және қашан пайдаланатынын көруге мүмкіндік беретін қызмет.
- Үзіліс – бұл қосымшада белгілі бір уақыт өткеннен кейін қолданушыны үзіліс жасауға шақыратын қызмет.
- Қауіпсіз режим – бұл кең аудиторияға сәйкес келмеуі мүмкін мазмұнды көрсетуді шектейтін параметр.
- Қосымшадағы хабарландыруларды өшіру – жұмыс және сабақ кезінде зейін қоюға көмектеседі немесе ұйқы мен демалысты бұзбайды. Бұл параметр кейбір қолданушылар үшін әдепкіде қосылады:
- 13 пен 15 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін әдепкіде хабарландыру дыбысын өшіру уақыты 21:00-ден 8:00-ге дейін орнатылған.
- 16 жастан бастап 17 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін әдепкіде хабарландыру дыбысын өшіру уақыты 22:00-ден 8:00-ге дейін орнатылған.