TikTok қысқа бейнероликтерін жасауға және көруге арналған жетекші платформа AlmaU Медиа және кино мектебінің сарапшыларымен бірлесе отырып, TikTok «Қауіпсіздік академиясы» бастамасы аясында #Лүпілдетбірақтексер науқанын бастайды. Жаңа жобаның міндеті — платформа пайдаланушыларына медиа сауаттылық негіздері туралы айту: ғаламтордағы ақпаратты неге сыни тұрғыдан бағалау керек, дереккөздердің сенімділігін қалай тексеру керек, неге күмәнді контентті таратудың қажеті жоқ және алалаушылықтың құрбаны қалайша болмау керек.
Күн сайын Қазақстан тұрғындары түрлі ақпарат көздерінен көптеген жаңалықтар алады, және мұндай ақпараттық ағынға бағдарлау қиынға соғады. Медиасауаттылық сандық құзыреттіліктермен қатар кез-келген ғаламтор қолданушысы үшін қажетті дағдылардың біріне айналды. Пайдаланушыларға онлайн-кеңістіктегі хабарламаларды сыни тұрғыдан бағалауды және талдауды үйренуге, ақпараттық шудан қорғануға және ақпараттық мазмұнды жауапкершілікпен құруға көмектесу үшін AlmaU Медиа және кино мектебінің сарапшыларымен бірге TikTok #Лүпілдетбірақтексер науқанын бастайды.
Арнайы жоба үшін танымал TikTok креаторлары бірқатар оқытушы роликтерін жазды:
- Экзотикалық жәндіктер сарапшысы @nagornyy.n хабарлама дереккөздерін тексеру қажеттілігі туралы айтады;
- Киноиндустрия білгірі @kinodron2.0 егер сіздің ақпараттың сенімділігіне көзіңіз жетпесе, оны неліктен таратпау қажеттігі туралы баяндайды;
- Киноиндустрия сарапшысы @prostogaiz ақпараттың сенімділігіне сенімді болмасаңыз, неге оны таратпау керектігін айтады;
- Суретші @assolyaa контентті көшіру мәселесіне назарын аударады;
- Фэшн-гуру @aida_neko ақпаратты объективті түрде қабылдап, қалай адасушылықтың құрбаны болудан сақтану керектігі туралы әңгімелейді;
- Футболшы @aliev_53 дерекпен пікірді ажыратуды үйретеді;
- Технологиялар жөніндегі сарапшы @eduardbaskov TikTok ұсыныстар арнасы қызықсыз контент елемеу үшін, оны қалай баптауды үйретеді.
Сондай-ақ, AlmaU Медиа және кино мектебі онлайн-кеңістікте мазмұнды тұтыну мен құруға жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы көбірек білу үшін медиа сауаттылық бойынша сарапшылармен арнайы эфирлер өткізеді.
- 28 қараша Алматы уақыты бойыншасағат 19:00-де медиа сарапшы және «Зиянды медиа әдеттерді өзгертеміз» жобасының авторы Бақтыгүл Бурбаева неліктен медиа сауаттылық кез келген ғаламтор пайдаланушысы үшін негізгі дағдылардың бірі екенін түсіндіреді.
- 29 қараша Алматы уақыты бойыншасағат 19:00-де «Медиа және ақпараттық сауаттылық» оқулығының әдістемелік құралының авторы Руслан Қаратабанов ақпаратты сенімді дереккөздерде қалай тексеруге және фейктердің ықпалына түспеуге болатындығы туралы әңгімелейді.
«Медиа сауаттылық білім берудің ажырамас бөлігіне айналуда #Лүпілдетбірақтексер ақпараттық науқанындағы серіктестік оқытудың жергілікті әдістерін біздің білім беру тәжірибемізге біріктірудің бірегей мүмкіндігін ұсынады. TikTok өзінің кең аудиториясымен және шығармашылық мүмкіндіктерімен сыни ойлауды, мәдени құзыреттілікті және ақпараттық сауаттылық дағдыларын дамыта отырып, ресми және бейресми білім беру арасында көпір құрудың құнды платформасы бола алады. Сондықтан біздің мектептің профессор-оқытушылар құрамы осы мәселелер бойынша өз сараптамасымен қуана бөліседі», - деп AlmaU Медиа және кино мектебінің деканы Анар Секеева түсіндірді.
Өз кезегінде университет тарапынан жобаға оқушылар да тартылды. Біздің«New Media»және«Қоғаммен байланыс»мамандықтарының студенттері ғаламтор қолданушыларының назарын медиа сауаттылық сияқты өзекті тақырыпқа аудару үшін өздерінің креаторлық дағдыларын қолдану мүмкіндігіне жігерленді. Ақпараттық науқан барысында олардың жұмыстары @mfsmedia аккаунтында #Лүпілдетбірақтексер жобасының ресми хэштегімен орналастырылады. Осылайша біз TikTok платформасының кез келген пайдаланушысы осы бастамаға қатыса алатынын көрсеткіміз келеді», – деп AlmaU Медиа және кино мектебінің медиа сарапшысы, рrofessor of practice Екатерина Корабаева бөлісті.
«Күн сайын миллиондаған TikTok пайдаланушылары әртүрлі көздерден көптеген ақпарат алады. Біз қоғамдастық мүшелерінің ақпаратты сыни тұрғыдан бағалай білуін, сенімсіз дереккөздерді сүзіп, електен өткізуін және авторларымыздың мазмұнды құруға жауапкершілікпен қарауын қалаймыз. Сондықтан біздің «TikTok Қауіпсіздік академиясы» аясындағы төртінші жобамыз медиа сауаттылық тақырыбына арналған. Біз AlmaU Медиа және кино мектебінің танымал мазмұн авторларымен серіктестік және қызметкерлерінің сараптамасы Қазақстандағы үлкен қауымдастығымызды осы маңызды құзырет шеңберінде базалық дағдыларға үйретуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз», - деп Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы TikTok операциялық департаментінің басшысы Екатерина Блинец түсіндірді.