Қысқа бейнероликтерді көруге және жасауға арналған TikTok жетекші платформасы пайдаланушыларға бос уақытын өткізуге және көңіл көтеруге ғана емес, сонымен қатар күн сайын жаңа нәрселерді ашуға, қоршаған әлемді зерттеуге және өз білімдері мен дарынымен бөлісуге мүмкіндік береді. Бүгін платформа Қазақстанда #ТикТокҚазақстандаҮйрен бастамасын іске қосып, дарынды контент авторларын креативті танымдық бейнероликтер жасауға шақырады. Науқан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Nazarbaev University – нің қолдауымен, сондай-ақ TikTok-та танымал контент авторларының қатысуымен өтуде - @jump2mars білім беру жобасының оқытушыларынан бастап спортшылар мен бьюти-сарапшыларға дейін.

Күн сайын миллиондаған адамдар TikTok-та әртүрлі тақырыптар бойынша шабыттандыратын бейнероликтер жасайды. Пайдаланушылар платформаға тек ойын-сауық үшін ғана емес, сонымен бірге дүниетанымын кеңейтіп, жаңа идеялардан шабыт алу үшін кіреді. Танымдық мазмұнды жасайтын авторлар көбейіп келеді және олардың танымалдығы күн сайын артып келеді. TikTok қауымдастығына бәрі қызық: рецепттер, бьюти-туториалдар мен спорттық жаттығулардан бастап ағылшын тілін үйрену, математикалық есептер мен ғылыми эксперименттерге дейін.

Пайдаланушыларды өз шеберліктерін қызықты қысқа бейне форматта бөлісуге шақыра отырып, TikTok #ТикТокҚазақстандаҮйрен бастамасын іске қосады. Осы аттас хэштегті танымал қазақстандық авторлар мен сарапшылар қолдады. Олар қысқа бейнероликтер, сондай-ақ TikTok Live тікелей эфирлері форматында әртүрлі тақырыптар бойынша танымдық мазмұн жасайды:

  • 24 мамырда сағат 15:00-де аспаздық гуру Диана Амидова (@di.amidova) жаңадан бастаушылар мен тәжірибелі аспазшылардың сұрақтарына жауап береді және меренгалы ораманы дайындауға үйретеді;
  • 25 мамыр күні сағат 19:00-де Айсұлу Нұртаева (@fancy_smth) тікелей эфирде DIY шеберлік сабағын өткізеді және көрермендермен бірге музыка әртісі Гарри Стайлздың шабытына бөленген интерьерлік сурет жасайды;
  • 26 мамырда сағат 20:00-де Қазақстанда және одан тыс жерлерде өз оқушыларының да, TikTok аудиториясының да сүйіспеншілігіне ие болған химия пәнінің мұғалімі Ұлан Үсенов (@wannabeteacher) химиялық тәжірибелер өткізіп, теория туралы айтып, көрермендермен бақылауларды талқылайды;
  • 27 мамырда сағат 18:00-де @wowstokton баскетболға қызығушылық танытқандардың барлығымен сөйлеседі: допты қоржынға салудың оңай техникасымен, кеңестерімен және құпияларымен бөліседі;
  • 28 мамырда сағат 21: 00-де күтім косметикасы туралы роликтердің авторы  @skin_delicious_kz көрермендермен теріге қалай дұрыс күтім жасау және неден бастау керектігі туралы ең танымал сұрақтарға кеңестер мен жауаптармен бөліседі.

Сондай-ақ, 24 мамыр күні сағат 19:00-де Nazarbaev University (@nuedukz) өзінің тікелей эфирін өткізеді, онда пайдаланушылар университеттің бағдарламалары мен оқу мүмкіндіктері туралы біліп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алады.

Жоба шеңберіндегі қысқа танымдық