TikTok-тың мақсаты – шығармашылық шабыт әкеліп, бақытқа бөлеу. Біз жаһандық қауымдастық құру арқылы өз айналамыздағы әлімді ашамыз, туындыларды ойлап табу мен қатар мүдделестерімізді таба аламыз. Ұсыныстар арнасы – қолданушылардың тәжірибесі тұрғысынан қарағанда платформаның орталық бөлшегі, әрі олар бұл жерде ең көп уақытын өткізетін жер.
Сіз TikTok-ты ашқан кезде өзіңіздің қызығушылықтарыңызға сәйкес келетін бейнероликтерді көрсететін ұсыныстар арнасына тап боласыз. Бұл платформаның ең негізгі ерекшеліктерінің бірі болғандықтан, сіздерге контент ұсыныстары жүйесі қалай жұмыс істейтінін,TikTok-тағы контентті қалай жеке талғамға сай жасауға болатынын түсіндіруге және кеңестерімізбен бөлісуге шешім қабылдадық.
Ұсыныстар жүйесі туралы
Ұсыныс жүйелері барлық жерде бірдей қолданылады. Осының негізінде біз күнделікті қуана қолданатын көптеген қызмет түрлері жұмыс істейді. Барлық жерде, электрондық коммерциядан бастап, стримингтік қызметтерден іздеу жүйелеріне дейін ұсыныс жүйелері қолданушының тәжірибесінжеке талғамға сай жасауға көмектеседі.
Әдетте, бұл жүйелер қосымшада қолданушылардың қалай және дәл қандай бейнебаяндармен әрекеттесетініне назар аудара отырып, артықшылықтарды талдау негізінде контент ұсынады. Өзара әрекеттесу – мысалы, бұл түсініктеме жариялау немесе тіркелгіге жазылу. Өз кезегінде, бұл әрекеттер ұсыныстар жүйесіне сізге ұнайтын және ұнамайтын контентті анықтауға көмектеседі.
Ұсыныстар арнасына қандай факторлар әсер етеді?
TikTok-та ұсыныстар арнасы әрбір пайдаланушыға тән таңдауларды көрсетеді. Жүйе факторларды жинақтау негізінде бейнероликтерді рейтингтеу арқылы контент ұсынады. Жаңа пайдаланушы үшін бәрі оның қай роликтерге лүпіл қойып, қайсысын қызық емес деп белгілейтінінен басталады – дербестендірілген арна осылай қалыптаса бастайды.
Ұсыныстар келесі факторларға негізделеді:
· Қолданушының әрекеті. Қолданушы роликтерге лүпіл қойып және оларды бөліседі, аккаунтарға жазылып, жазбаларға пікір қалдырып және контент құрайды.
· Бейнебаян туралы ақпарат, хэштегтер мен дыбыстарды қамти алады.
· Құрылғы мен есептік жазба өлшемдері. Мысалы, бағдарлау тілі, геолокациялар мен құрылғы түрі. Бұл параметрлер қолайлы өнімділік үшін есепке алынады, бірақ олардың ұсыныстар жүйесіндегі салмағы басқа параметрлерге қарағанда аз, өйткені олар белсенді түрде қолданушының қалауын білдірмейді.
Осы факторларлың барлығын ұсыныстар жүйесі ескере отырып, қолданушылының құндылықтарына сәйкес мәнге ие болады. Мәселен, бейнебаянды басынан аяғына дейін көрген қолданушының қызығушылық көрсеткіші бейнебаян авторы мен оны бір елде қарайтын қолданушыны табудан гөрі көбірек салмаққа ие болады. Бейнебаяндар қолданушының белгілі бір контентке қызығушылық таныту ықтималдығы негізінде әр қолданушы үшін бірегей ұсыныстар арнасына айналады.
Осы мезетте аудиториясы көп аккаунтқа орналастырылған бейнебаян қаралымын жылдамырақ жинағанымен, TikTok-тың ерекшелігі сонда, жазылушылар саны да, қолданушы аккауынтындағы бұрынғы танымал бейнебаяндар да контент рейтингісін анықтайтын факторларға жатпайды.
Жеке талғаммен жасалған ұсыныстар арнасын қалыптастыру
Алғашқы қадамдар
Егер сіз қосымшаны пайдалануды жаңадан бастасаңыз, онда TikTok-тың сізге ұнайтынын қалай түсінуге болады? Жаңа пайдаланушыларға қосымшаны меңгеру үшін біз олардан «Үй жануарлары» немесе «Саяхат» деген сияқты өздерін қызықтыратын санаттарды таңдауын сұраймыз. Бұл ұсыныстарды өз қалауларына бейімдеуге көмектеседі және қосымшаға бастапқы арнаны құруға мүмкіндік береді. Содан кейін жүйе сіздің алғашқы бейнебаяндармен әрекеттесуіңізге негізделген ұсыныстарды нақтылауды бастайды.
Егер қолданушы ешқандай санатты таңдамайтын болса, біз оған танымал бейнебаяндардың жалпылама арнасын ұсынамыз. Сіздің алғашқы лүпілдеріңіз, қалдырған пікірлеріңіз бен қайта қарауыңыз ұсыныстар үдерісін бастайды, өйткені жүйе осы арқылы сіздің қалауларыңыз туралы мәліметтер алуды бастайды.
Көбірек қызықты контент
Әрбір жаңа әрекеттестік жүйеге деген қызығушылықтарыңызды білуге және контент ұсынуға көмектеседі, сондықтан ұсыныстар арнасын өз талғамдарыңызға сай қолданудың ең жақсы әдісі – жәй ғана қосымшаны пайдаланып және осыдан ләззат алу. Уақыт өте келе, ұсыныстар жүйесінің арқасында арнаңызда қызығушылықтарыңызға сәйкес келетін бейнебаяндар көбейе түседі.
Ұсыныстар тек ұсынымдар арнасының өзімен өзара әрекеттесу арқылы ғана қалыптаспайды. Мысалы, сіз аккаунтқа жазылған кезде, бұл әрекеттер ұсыныстарға ықпалын тигізеді, сондай-ақ «Қызықты» қойындысындағы белгілі бір хэштегтерге, дыбыстарға, эффектілерге және танымал тақырыптарға қызығушылығыңызға әсер етеді. Мұның барлығы – өз қалауларыңызға сай жасалу тәжірібиесіне жету және арна контентіне жаңа санаттар қосудың әдісітері болып саналады.
Қатысы жоқ контенттер санын азайту
TikTok – қызығушылықтары мен көзқарастары әртүрлі авторлар жиналатын орын, кейде талғамыңызға сай келмейтін бейнебаяндарды кездестіруіңіз мүмкін. Бейнебаянды ұзағырақ бассаңыз лүпіл қойылып, оның бейне сізге қызық еместігін белгілей аласыз. Мұнан да бөлек нақты бір дыбысты пайлана отырып, белгілі бір авторды немесе олардың бейнебаяндарын жасыруға немесе сіздің ойыңызша біздің нұсқауларға қайшы келетін бейнебаян туралы хабарлауға болады. Осы әрекеттердің барлығы сіздің арнаңыздағы болашақ ұсыныстарға әсер етеді.
Контенттің қайталануына жол бермейміз
Арнаның қызықты да алуандығын сақтау үшін TikTok ұсыныстар жүйесі қолданушыларға мұнан да бөлек, өзіңіз бұрыннан да білетін және жақсы көретін контенттердің басқа түрлерін табуға мүмкіндік береді. Өйткені, ұсыныстар арнасы әдетте бір автор жасаған немесе бір дыбысты пайдаланатын екі бейнебаянды қатар көрсетпейді. Мұнан да бөлек, платформа бірін-бірі қайталайтын контентті , бұрын көрген контентті немесе сіз спам болуы мүмкін деп есептеген контентті ұсынбайды. Есесіне арнаңызға сізбен қызығушылықтары ұқсас қолданушыға ұнаған бейнебаян енуі мүмкін.
Ұсыныстарды барынша алуантүрлі етеміз
Мұндай алуантүрлілік қолданушыларды біріктіре отырып, жаһандық TikTok қауымдастығын қолдау үшін қажет. Міне, сондықтан кейде арнаңызда сіз көрсеткен дүниелерге қатысы жоқ және көп лүпіл жинамаған бейнебаян пайда болуы мүмкін. Біз мұны әдейі жүзеге асырдық, оның үстіне бұл ұсыныстар жүйесіндегі өте маңызды «пункт»: арнаға әртүрлі бейнебаяндарды қосу қолданушыға контенттің басқа санаттарымен танысуға, жаңа авторларды табуға және идеялардан шабыт алуға қосымша мүмкіндіктер береді. Кейде «әдеттен тыс» роликтерді ұсына отырып, жүйе басқа TikTok пайдаланушыларына қосымшаны пайдаланудан ләззат алуына көмектесу үшін кең аудитория арасында қандай контент танымал екенін жақсырақ анықтай алады.
Біздің мақсатымыз – талғамыңызға сай контент ұсына отырып, сонымен бірге бұрын сіз кездестірмеген, бірақ қызықтыруы мүмкін бейнебаяндар мен контент құрастырушыларды табуға көмектесу.
Қолданушылық тәжірибесін барынша қауіпсіз етеміз
Біз ұсыныстар жүйесін әзірлеген кезде қауіпсіздік мәселесіне барынша көңіл бөлдік. Мысалы, медициналық процедуралардың шынайы көріністерін қамтитын контент мұндай тақырыптарға қызығушылық танытпаған қолданушылардың кең аудиториясын шошындыруы мүмкін, сондықтан ұсыныстар үшін сәйкес келмеуі мүмкін. Сол сияқты, қолданушылар жаңадан жүктеп салған немесе модерация сатысында тұрған бейнебаяндар, сондай-ақ спам-контент (мысалы, трафикті жасанды түрде шақыруға бағытталған роликтер) ұсыныстар арнасына енгізілмеуі мүмкін.
Сіз үшін жетіле түсеміз
Біз TikTok контенттегі ұсыныстар жүйесін ұдайы жетілдірумен айналасамыз. Қолданушылардың кері байланысы, зерттеулер мен ішкі деректер ұсыныстардың дәлдігін жақсартуға, ұсыныстар арнасының қалыптасуына және олардың салмағына әсер ететін факторларды жүйелі түрде қайта қарап шығуға көмектеседі. Біз TikTok ұсыныстарының дұрыстығына көз жеткізу үшін зерттеулер жүргізіп, құралдарды әзірлеуді жалғастыра береміз.
Қортындылай келгенде , сіздің кері байланысыңыз арқылы ұсыныс арнасын анықтауға болады. TikTok жүйесі қолданушылардың өзара әрекетінен бастау алып, арнаны жаңартқан сайын, біз үміттенеміз, оларға шығармашылық шабыт беріп, қуанышқа бөйлетін және өз талғамдарына сай жасалған контент ұсыну үшін ұдайы жетілдіру мен білім алуды есептей отырып жасалған.