TikTok Comic Con Astana 2024 халықаралық фестивалімен серіктестігі туралы хабарлайды. Фестиваль аясында платформа фандом және косплей қауымдастықтарына арналған екі байқауды іске қосады. Үздік бейнероликтердің авторлары әр байқаудың аясында бағалы сыйлықтарға ие болады.
TikTok, қысқа бейнероликтерді көруге және жасауға арналған жетекші платформа – бұл әлемнің түкпір-түкпіріндегі пайдаланушылар өздерінің шығармашылығымен бөлісуге, өнерпаздық әлеуетін ашуға және өздерін пікірлес қоғамдастықтың бір бөлігі ретінде сезіне алатын орын. Платформадағы танымал трендтер мен қауымдастықтардың бірі косплей – комикстердің, аниме мен фильмдердің әртүрлі кейіпкерлері болып киіну болып табылады. Осылайша, #cosplay хештегі арқылы әр түрлі елдердің пайдаланушылары 37 миллионнан астам жарияланым жасады.
Осы жылы TikTok екінші рет Comic Con Astana 2024 халықаралық фестивалінің серіктесі болады, ол 25-28 шілде аралығында Қазақстанның астанасындағы EXPO халықаралық көрме орталығында өтеді. Comic Con Astana 2024 Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген гик-мәдениет, комикстер, косплей, фантастика, бейне ойындар, K-pop, J-pop, аниме, манга, суперқаһармандар, кино және ойын-сауық әдебиеттерінің мыңдаған жанкүйерлерін жинамақ. Бұл өздерін танытып, қиял мен шытырман оқиғалар әлеміне енгісі келетін шығармашыл әрі талантты адамдарға арналған бірегей алаң.
Осы серіктестік аясында TikTok фестиваль алаңында келушілер үшін ойын-сауық белсенділіктері мен тосын сыйлары бар жеке стендін ашады. Сондай-ақ, платформа фандом және косплей контентіне қызығатын барлық пайдаланушылар үшін бірден екі байқауды іске қосады:
- Бірінші байқау 10-18 шілде аралығында өтеді және ол фандом контентіне арналған. Байқауға қатысу үшін пайдаланушылар #сomicconastana2024 хештегімен және бейненің мазмұнына сәйкес келетін #аниме, #косплей, #ойындар, #гикмәдениет сияқты қосымша тегпен Comic Con фестивалінің тақырыптарының біреуі бойынша бейнеролик жүктеуі қажет. Tik Tok пайдаланушылары жасаған ең жарқын отыз бейне фестиваль кезінде платформа стендінде көрсетілетін болады. Сондай-ақ, ең танымал отыз бейненің авторлары сыйлыққа TikTok ресми мерчін алады, ал ең креативті бес роликтің авторлары Comic Con Astana 2024 сыйлық жиынтықтарын алады.
- Екінші байқау дәл фестиваль кезінде - 25-28 шілде аралығында өтеді және «TikTok-тағы үздік косплейші» атағының лайықты иегерін анықтайды. Косплейшілер TikTok-та осы жылғы фестивальге арнайы дайындаған кейіптері бар бейнероликтерімен бөліседі. TikTok пайдаланушылары өздеріне ұнаған костюмді таңдап, жобаның парақшасында оған дауыс бере алады. Жеңімпаз дауыс беру аяқталғаннан кейін қолданбадағы байқау бетінде жарияланады және ақшалай сыйлыққа ие болады.
TikTok белсенділіктеріне қосылып, Comic Con Astana 2024 үлкен мерекесінің бір бөлігі болыңыз!