Қазақстандық креаторлар TikTok LIVE Fest 2025 фестивалінде халықаралық мойындауға ие болдыӨткен жылы TikTok LIVE платформасындағы белсенділік айтарлықтай өсті: Оңтүстік-Шығыс Азия, Кавказ және Орталық Азия өңірлерінде 100 миллионнан астам креатор TikTok-та тікелей эфир өткізді. Осы өсімнің шарықтау шегі TikTok LIVE Fest онлайн-фестивалі болды. Аталған фестиваль аясында бүкіл өңірден, соның ішінде Қазақстаннан, 5 миллионнан астам креатор бас қосты.Стриминг қауымдастығы үшін маңызды жаһандық оқиға -TikTok LIVE Fest 2025 - ауқымды офлайн-финалмен аяқталды. Фестиваль қорытындысы бойынша қазақстандық LIVE-креаторлар халықаралық деңгейде мойындалып, TikTok LIVE-тің жаһандық сахнасында жергілікті қауымдастықтың ықпалы артып келе жатқанын дәлелдеді.Биыл фестиваль Оңтүстік-Шығыс Азия, Кавказ және Орталық Азия елдерінен келген 5 миллион креаторды біріктірді. Бірнеше апта бойы стримерлер аудтиторияны тарту, креативтілік пен өз қауымдастығымен қарым-қатынас орнату бағытында жарысқа түсіп, тікелей эфирге шықты. Нәтижесінде қатысушылардың рейтингтері өсіп, көрермендердің белсенділігі артты. Музыка және геймингтен бастап білім беру және еркін әңгіме форматарына дейін LIVE-контенттің алуан түрлілігі айқын көрінді.#LIVEFest25Phuket: өңірлік LIVE қауымдастықтың офлайн кездесуіTikTok LIVE Fest 2025 фестивалінің шарықтау шегі - #LIVEFest25Phuket өңірлік финалы Таиландтың Пхукетінде өтті. Бұл жерде Оңтүстік-Шығыс Азия, Кавказ және Орталық Азия өңірлерінің ең танымал стримерлері жиналды. Іс-шара барысында фестиваль қорытындыланып, халықаралық мойындауға ие болған үздік LIVE-креаторлар марапатталды.Пхукет аралында өңірдің 200-ден астам жетекші креаторы бас қосты. Олар TikTok LIVE қауымдастығының мәдени алуантүрлілігін көрсетті, жергілікті тәжірибелерімен бөлісті және тікелей эфирлердің әртүрлі елдер мен мәдениеттер арасындағы жанды байланыс орнатудағы маңызды рөлін атап өтті.Өңірдегі TikTok LIVE дамуы2025 жыл бойы Оңтүстік-Шығыс Азия, Кавказ және Орталық Азия өңірлерінде TikTok платформасында 100 миллионнан астам креатор тікелей эфир өткізген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 77%-ға жоғары. Айта кетерлігі, креаторлардың жартысынан көбі LIVE форматты алғаш рет қолданған. Бұл стриминг қауымдастығының белсенді түрде кеңейіп келе жатқанын көрсетеді.TikTok LIVE дамуы тікелей эфирлердің ойын-сауық форматынан кәсіби және мәдени ортаға айналғанын дәлелдейді. Бұл формат креаторларға өз дарынын дамытуға, қауымдастық құруға, халықаралық аудитория табуға және шығармашылығын тұрақты мансапқа айналдыруға мүмкіндік береді. Қазақстандық LIVE-креаторлардың халықаралық жетістігіLIVE Fest 2025 фестивалі аясында бірқатар қазақстандық креаторлар халықаралық мойындауға ие болды. Жеңімпаздар қатарында:• Анар Батырхан, @anarbatyrkhan – актриса әрі әнші. Оның музыкалық LIVE-эфирлері жанды концерт атмосферасын қалыптастырып, ауқымды аудиторияны біріктіреді;• Руслан Нұртазин, @omgdnss – эфирлері ойын-сауық форматынан асып, әртүрлі елдердің көрермендері үшін мәдени диалог алаңына айналған стример;• Жоламан Мұхамбетуллин, @syn_king_90 – LIVE формат арқылы қауымдастық тартудың және шынайы қарым-қатынастың маңызын көрсеткен креатор.Қазақстанның дарындары тікелей эфирдеАнар Батырхан (@anarbatyrkhan) «Talent awards» номинациясының жеңімпазы атанды: оның музыкалық эфирлері көрермендердің ерекше ықыласына ие болды. Әншінің айтуынша, TikTok LIVE форматы тыңдармандармен делдалсыз, тікелей байланыс орнатуға және «осы сәтте, осы жерде» шынайы диалог құруға мүмкіндік береді. Бұл формат музыка индустриясын жаңа есімдер үшін барынша ашық етіп, әртістердің дамуына жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Бүгінде Анар жаңа тректер, коллаборациялар мен визуалды жобалар әзірлеуде және TikTok LIVE бағытындағы жұмысын белсенді түрде жалғастырып келеді.TikTok атап өткендей, қазақстандық креаторлардың LIVE Fest 2025 фестиваліндегі жетістігі олардың ықпалының артып келе жатқанын және жоғары мотивациясын дәлелдейді. Олар TikTok LIVE-тің жаһандық қауымдастығының маңызды бөлігіне айналуда. TikTok LIVE - ашық диалог пен сенімге негізделген, тәжірибе алмасуға, өзін-өзі көрсетуге және қауымдастықтар құруға мүмкіндік беретін кеңістік. Ол әртүрлі елдер мен мәдениеттерді бір арнада тоғыстырады.«Орталық Азия мен Кавказ елдерінің стримерлер қауымдастығы @tiktoklive_eecca өңір креаторлары үшін тартылыс орталығына айналды. Мұнда олар қолдау табады, жаңа форматтарды сынақтан өткізеді және күн сайын аудиториясымен нақты уақыт режимінде қарым-қатынас жасайды. Мұндай қауымдастықтар тұрақты LIVE мәдениетті қалыптастырып, кәсіби дамуға жаңа мүмкіндіктер ашады», — деп атап өтті TikTok. TikTok туралыTikTok – қысқа видеороликтерге арналған жетекші платформа. Біздің миссиямыз – адамдарды шығармашылыққа шабыттандыру және оларға қуаныш сыйлау.
Читать дальше